Себу тәсілі
агроклиматтық аймақтар мен аудандарда әртүрлі: себу
агрегатының құрамы мен жалпы күйіне байланысты жаппай қатардағы,
кең қатарлы, жолақты болуы мүмкін; бұл ағрошараға жүргізілген және
жоспарланған шаралар да әсер етеді (гербицид қолдану, механикалық
өңдеу ж.б.). Барлық жағдайда да мәселені нақты шешкен жөн.
Жаппай қатардағы себу тәсілінде 0,7-0,8 млн/га өнгіш тұқым (175-
200 кг/га), кең қатарлы тәсілмен сепкенде - 0,4-0,5 млн/га өнгіш тұқым
(100-120 кг/га) ұсынылады. Топырақта жеткілікті ылғал қоры болғанда
себу мөлшерінің жоғарғы шегін, ал жеткіліксіз болғанда себу
мөлшерінің төменгі көрсеткіштерін қолданган дұрыс.
Ноқаттың тұқымдары терең сіңіруді көтере алады, алайда
топыраққа, оның ылғалдылығы мен себу мерзіміне байланысты оңтайлы
сіңіру тереңдігі 5-7 см, топырақтың беткі қабаты кебіңкіреп кеткенде
және кешірек себілгенде - 8 см.
Сепкеннен кейін ноқаттың көктеуін жеделдету үшін танапты
бұдырлы катоктармен тығыздау қажет. Себуден кейін топырақ
қабыршағы, арамшөптер жіпшелері пайда болса, оларды құрту үшін
себу бағытына көлденең тырмалау жүргізіледі (себуден 3-4 тәуліктен
соң).
Арамшөптермен қатты ластанған танаптарға ноқатты себуге дейін
гербицидтер қолданылады: себу алдындағы культивация астына
Гезогард 50 (прометрин, 50%) гербицидімен (3-5 кг/га) бүркіледі, немесе
Пивот, 10% (имазетапир) гербицидімен себуден 2-3 тәуліктен соң,
немесе ноқаттың 3-6 жапырақ кезеңінде егістік 0,5-1,0 л/га мөлшерде
бүркіледі.
336
Ноқаттың біркелкі пісуі мен бұршаққаптарының жарылмауы егінді
біркезеңді тәсілмен жинауға мүмкіндік береді. Егер егістік
арамшөптермен ластанған болса, онда көпшілік бұршаққаптары
қоңырланғанда екі кезеңді (бөлектеп) жинау тәсілін қолданған дұрыс.
Дәнді астық комбайндарын басқа бұршақ тұқымдас дақылдарын
жинауда қолданылатын қайта реттеу жұмыстарын ноқатты жинағанда
колданған абзал.
Достарыңызбен бөлісу: |