Красноградский 4.
Ресейдің Красноград тәжірибе стансасында
шығарылған. Сорт орташа мерзімде піседі, кұрғақшылыққа жоғары
төзімділігімен ерекшеленеді. 1000 тұқымның массасы 260-270 г.
Қарағанды облысында өсіріледі.
Өсіру
технологиясы
.
Ноқатты
Қазақстанда
негізінен
суарылмайтын егіншілікте өсіреді. Оған барынша жақсы
алғы дақылдар
:
Республиканың солтүстік және орталық облыстарында таза сүрі жер,
жаздық бидай; оңтүстік аудандарда - сүріден кейінгі күздік бидай, тары.
Ноқат топырақты терең өңдеуді қажетсінеді. Себу алдындағы топырақ
өңдеу БИГ-3 немесе БМШ-15 (БМШ-20) кұралдарымен топырақ бетін
тегістеу, КПШ-5, КПШ-9 ж.б. культиваторлармен себу алдындағы
культивациялауды қарастырады.
Қазақстанның
барлық
аймақтарында
ноқат
фосфор
тыңайтқыштарын
қажетсінеді. Тұқымды бактериялық тыңайтқыш -
нитрагинмен өңдеу жақсы нәтижелер береді. Себуден кем дегенде бір ай
бұрын ноқат тұқымын 80% ТМТД улы химикатымен (3-4 кг/т тұқымға)
ылғалдандыру тәсілімен дәрілейді.
Достарыңызбен бөлісу: |