Тараған аймақтары, өнімі
.
Жасымық біздің жыл санауымыздан
2 мың жыл бұрын екпе дақыл есебінде танылған. Оны гректер,
римдіктер, египеттіктер, славяндар ертеден қолда өсірген. Ірі тұқымды
жасымықтың шыққан ортасы Жерорта теңізі, ұсақ тұқымды түрі-
Ауғанстан мен Иран елдері, солардан дүние жүзіне тараған болып
саналады.
Қазір жасымық Европа, Азия, Африка, Латин Америкасы елдерінің
көбінде өсіріледі. Егіс көлемі көп елдерге – Ресей, Египет, Испания,
Румыния, Чехославакия және Чили мемлекеттері жатады.
Әлемдегі егіс көлемі 1 млн гектар болса, соңғы жылдары оның
көлемі ұлғая түсуде. Біздің еліміздегі егіс көлемі 70 мың гектар шамасы,
орташа әр гектардан алынатын астық өнімі 13 ц, бірақ алдыңғы қатарлы
шаруашылықтар, тәжірибе мекемелері 20-25 ц өнім алуда.
Жасымықтың бағалылығына қарамастан кең тарамауының басты
себебі- сабағының аласалығынан өнімін механикалық әдіспен жинау
қиын, әрі өсіру технологиясының жетілдірілмегенінен.
Достарыңызбен бөлісу: |