Биологиялық ерекшеліктері.
Атбас бұршақ жылуға жоғары талап
қоймайды: төменгі көктеу температурасы +3-4ºC, -5-6ºC бозқырауды
жеңіл көтереді; орташа тәуліктік температурасы 10ºC-да көктейді;
оңтайлы өсіп-даму температурасы -18-20ºC. Орташа мерзімде пісетін
сорттары үшін 1900ºC шамасында белсенді температура жиынтығы
қажет.
Атбас бұршақ көктегеннен кейін бір айдан кейін гүлдене бастайды
да сабақтың төменгі жағынан жоғары қарай ұзақ уақыт бойы гүлдейді
және төменгі бұршаққаптар толысып болғанға дейін созылады. Ұзақ
гүлденудің нәтижесінде оның пісуі де созылыңқы, ал мұның өзі
дақылды жинауда қиыншылық келтіреді.
Атбас - бұршақ ылғал сүйгіш дақылдар қатарына жатады.
Тұқымдары өз массасының 120%-дай ылғал сіңіргеннен кейін өне
бастайды. Оның ылғалға барынша жоғары қажетсінуі – көктеуден
төменгі қабаттағы бұршаққаптардың толық толысуына дейінгі кезең
аралығы. Транспирациялық коэффициенті 700-800, ылғал жеткіліксіз
болғанда бұршаққаптары мен тұқымдары нашар өседі де төмен астық
өнімін қалыптастырады. Осыған байланысты бұл дақыл Қазақстанда
ылғалды аудандарда немесе суармалы жағдайда ғана өсіріледі.
Атбас бұршақ ылғалды жақсы ұстайтын органикалық заттарға бай,
құнарлы, топырақ ерітіндісінің реакциясы бейтарап немесе әлсіз
344
қышқыл (рН = 6-7,0) танаптарда жақсы өседі, ауыр саздақ, батпақтанған
және сортаң жерлер оған жарамсыз.
Достарыңызбен бөлісу: |