Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет349/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   345   346   347   348   349   350   351   352   ...   490
Байланысты:
index (15)

Дақылдың  тарихы

Майбұршақтың  шыққан  отаны  Оңтүстік 

Шығыс  Азия,  мұнда  оны  біздің  эрамызға  дейін  6  мың  жыл  бұрын 

кеңінен  өсірген.  Ертеден  ол  басқа  елдерде  де  өсірілген  (Үнді, 

Жапонияда,  Кореяда,  Вьетнам  және  Индонезия  елдерінде).  Бұларда 

майбұршақ  өсімдік  белогі  мен  май  алудың  негізгі  шикізаты  болып 

саналады  және  тағамға  түрлі-түрлі  күйде  қолданылады.  Қытайдан 

майбұршақ  егістігі  Қиыр  Шығысқа  енді,  мұнда  оны  ертеден  орыс 

қоныстанушылары  өсіреді.  Қазіргі  уақытта  мәдени  майбұршақ  Азияда 

ғана  емес  Оңтүстік  Европада,  Солтүстік  және  Оңтүстік  Америкада, 

Орталық  және  Оңтүстік  Африкада,  Австралияда,  Тынық  және  Үнді 

мұхиттары  аралдарында  экватордан  55-60°  белдеуге  дейін  кеңінен 

өсірілуде. 

Дәнді  бұршақ  дақылдары  арасында  майбұршақ  дүниежүзінде 

бірінші  орында,  оны  40-тан  астам  елдерде  52  млн.  га  егістікте  өсіреді. 

Негізгі  өндірушілері  АҚШ  -  25  млн.  га,  Қытай  -  15  млн.  га,  Бразилия  - 

2,3 млн. га. 

ТМД  елдерінде  майбұршақтың  негізгі  аудандары  Приморье, 

Хабаров  өлкелері  болып  табылады.  Келешекті  майбұршақ  өсіретін 

аудандарға  Молдованы,  Украинаның  орманды-дала  және  солтүстік 

далалық  аудандарын,  Орта  Азия,  оңтүстік  Қазақстанды  жатқызуға 

болады.  Қазақстанда  майбұршақ  өсірудің  орасан  зор  потенциалына 

қарамай,  оның  өндірісі  ауыл  шаруашылығы  саласында  қосалқы  рөл 

атқарады,  оны  өсіру  басқа  елдердегі  сияқты  ауқымды  бола  алмай  тұр. 

Біздің еліміздегі майбұршақ дақылының егістік ауданының негізгі бөлігі 

Алматы және Жамбыл облыстарында шоғырланған. 

Тұқым  өнімі  Қиыр  Шығыстың,  Грузияның,  Краснодар  өлкесінің 

озат шаруашылықтарында 20-25 ц/га, ал суармалы жерлерде - 30-40 ц/га 

дейін, дүниежүзілік орташа өнімі 18,0 ц/га, ал Қазақстанда орта есеппен 

2004-2008 жылдары-1 6,1 ц/га болды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   345   346   347   348   349   350   351   352   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет