352
Үрмебұршақ тұқымы мен толық пісіп жетілмеген бұршағын
пісірген және консервіленген күйінде пайдаланылатын бағалы тағамдық
дақыл. Үрмебұршақ тұқымында 30% дейін ақуыз және дәрумендер мен
амин қышқылдары бар.
Жақсы піскен үрмебұршақ адам, жануарлар ағзасына жеңіл
сіңіріледі және жоғары дәмдік сапасымен ерекшеленеді. Оның
жапырағынан лимон қышқылын алады. Кәдімгі үрмебұршақтың жасыл
балаусасы мен сабанын мал жемейді және азиялық тобының кейбір түрі
малға жемге жарамайды. Үрмебұршақты жасыл тыңайтқыш ретінде, ал
оның кейбір формаларын әсемдік мақсатта пайдалануға болады.
Отамалы және азот жинайтын өсімдік болғандықтан, үрмебұршақ
отамалы дақылдар үшін жақсы алғы дақыл.
Үрмебұршақтың тұқымдық өнімі гектарына 12-15 ц, ал жоғары
агротехникада ол 20-25 ц дейін жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: