Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет365/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   361   362   363   364   365   366   367   368   ...   490
Байланысты:
index (15)

сабындану 

санымен

  анықтайды.  Ол  көрсеткіш  –  калий  сілтісінің  1  г  еркін  май 




 

358 


қышқылдарын  және  глицеринмен  байланысты  май  қышқылдарын 

нейтралдауға  қажет  мөлшері:  ол  сан  170-200  аралығында  өзгереді  және 

сабын өндірісінде маңызды көрсеткіш. 

Тұқымдарындағы  майдың  мөлшері  мен  сапасы  бойынша  майлы 

дақылдардың салыстырмалы сипаттамасы  34 – кестеде келтірілген. 

 

Кесте  34.  Майлы  дақылдардың  тұқымдарындағы  майдың  мөлшері 



мен сапасы 

 

Дақыл 



Абсолют құрғақ 

тұқымдағы майдың 

мөлшері, % 

Йодтық 


сан 

Сабындану 

саны 

Қышқылдық 



сан 

Күнбағы


с 

29,0-56,9 

119-144 

183-196 


0,1-2,4 

Мақсары 


25,0-32,0 

115-155 


194-203 

0,8-5,7 


Жер 

жаңғағы 


41,2-56,5 

83-103 


182-207 

0,03-2,24 

Майбұр

шақ 


15,5-24,5 

107-137 


190-212 

0,0-5,7 


Көкшіл 

сұр 


қыша 

35,2-47,0 

92-119 

182-183 


0,0-3,0 

Ақ қыша 


30,2-39,8 



Күздік 


рапс 

45,0-49,6 

94-112 

167-185 


0,1-11,0 

Жаздық арыш 

25,6-46,0 

132-153 


181-188 

0,2-13,2 

Майкене 

47,2-58,6 

81-86 

182-187 


0,9-6,8 

Күнжіт 


48,0-63,0 

103-112 


186-195 

Ляллема



нция 

23,3-37,3 

162-203 

181-185 


0,8-4,4 

Перилла 


26,1-56,0 

181-206 


189-197 

Майлы көкнәр 



46,0-56,0 

131-143 


192-198 

Майлы зығыр 



30,0-47,8 

165-192 


186-195 

0,5-3,5 


 

КҮНБАҒЫС 

 

Морфологиялық  ерекшеліктері.

  Күнбағыс  астра  (Asteraceae) 

тұқымдасына  жатады,  біржылдық  күнбағыс  (Heliаnthus  annuus)  екі 

дербес  түрге  ажырайды  –  мәдени  күнбағыс  (H.a.  culfus)  және  жабайы 

күнбағыс  (H.a.  ruderalis).  Мәдени  күнбағыс  екі  түр  тармағына  –  егістік 

(H.a.c.  safivus)  және  әшекей  күнбағысы  (H.a.c.  ornamentalis)  –  бөлінеді. 

Шекілдеуігінің  мөлшері,  майлылығы  мен  қабықтылығы  бойынша 

күнбағыстың  үш  тобы  ажыратылады:  майлы,  шағылатын  және  аралық. 

Майлы күнбағыстың өндірістік маңызы бар. 

Біржылдық  күнбағыс  –  шөптесін  өсімдік.  Тамыры  кіндікті, 

топыраққа  2-4  м  дейін  бойлайды  және  100-120  см  дейін  жан-жағына 

тарайды.  Сабағы  –  тік  өседі,  қатты  түктермен  көмкерілген,  ішкі  қуысы 

борпылдақ  өзекпен  толтырылған,  биіктігі  0,7-4,5  м  дейін  (майлы 

сорттары  бұтақтанбайды  және  2,5  м  дейін).  Жапырақтары  қарапайым, 




 

359 


ірі,  сағақты,  сопақ-жүрек  пішінді,  қатты  түктермен  жабылған,  ұштары 

үшкірленіп  аяқталады,  ара  тісті.  Төменгі  жапырақтары  (2-3  жұбы) 

қарама-қарсы,  ал  жоғарғылары  кезектесіп  орналасқан.  Гүл  шоғыры  – 

диаметрі  15-25  см,  дөңгелек  пішінді  себет.  Оның  негізін  гүл  тұғыры 

құрайды,  шеттерінде  жыныссыз  тілді,  насекомдарды  тарту  үшін,  ал 

ортасында – қос жынысты түтік тәрізді гүлдер орналасқан. Олар бірұялы 

жатыннан  және  бес  аталықтан  тұрады.  Жемісі  –  шекілдеуік,  4  анық 

көрінген  қыры  болады,  ол  жеміс  қабығынан  және  тұқымнан  құралады. 

1000 

шекілдеуігінің 



массасы 

майлы 


сорттарында 

40-80г, 


шағылатындарында – 170 г-ға дейін (Сурет 31). 

 

 



 

 

Өзінің  дамуында  күнбағыс  мынадай  өсу  және  даму  кезеңдерінен 



өтеді: тұқымының өнуі, көктеуі, бүрленуі, гүлденуі, шекілдеуігінің өсуі, 

толысуы,  пісуі  (физиологиялық  пісу  кезеңінде  себеттің  төменгі  жағы 

сары  түске  енеді,  ал  шекілдеуігінің  ылғалдылығы  34-40%,  толық  пісу 

кезеңінде  себет  сарғыш-қоңыр  түсті,  тілді  гүлдер  қоңырланып  түсіп 

қалады, жапырақтары қурап түседі). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   361   362   363   364   365   366   367   368   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет