Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет366/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   362   363   364   365   366   367   368   369   ...   490
Байланысты:
index (15)

Биологиялық 

ерекшеліктері. 

Күнбағыс 

шекілдеуігі 

4-6


0

С 

температурада өне бастайды, ал тіршілікке қабілетті егін көгі 16-18



0

С-да 


пайда  болады.  Өскінді  тұқымдар  –  10

0

С-ға  дейінгі,  ал  егін көгі  -  -5-6



0

С 

  



Сурет  31. Күнбағыс. 1,2 – егін көгі және гүлдену кезеңдеріндегі өсімдіктер; 3 

– піскен себет; 4 – гүлдер және олардың мүшелері; 5 – тозаңдық дән; 6 -  қиындағы 

гүл шоғыры; 7 – жемістері. 



 

360 


бозқырауды  көтереді.  Гүлдену  кезеңіндегі  оңтайлы  температура  –  25-

27

0



С. 

Күнбағыс  30

0

С-дан  жоғары  температураны  басқа  дақылдармен 



салыстырғанда жеңіл көтереді, себебі түкті жапырақтары мен сабақтары 

транспирацияны  күшейту  нәтижесінде  өсімдік  жақсы  салқындайды. 

Толық  вегетация  кезеңіне  қажетті  белсенді  температура  жиынтығы 

1800-2500

0

С.  Солтүстік  Қазақстан  жағдайында  ерте  және  ортадан  ерте 



пісетін  сорттар  үшін  бұл  көрсеткіш  –  1900-2100

0

С.  Аталған  аймақта 



күнбағыс вегетациясының ұзақтығы 95-120 тәулік. 

   Күнбағыс  ылғалды  көп  қажетсінеді,  алайда  қуаңшылыққа  да 

төзімді,  бұл  оның  топыраққа  терең  бойлайтын  және  терең  қабаттан  су 

сіңіру  қабілетін  күшейтетін  тамырына  байланысты.  Транспирациялық 

коэффициенті  470-550,  1  ц  тұқымның құрғақ  затын  қалыптастыру  үшін 

200  м


3

,  ал  сүрлемге  өсіргенде  1ц  құрғақ  затқа  –  85-150м

3

  су 


шығындайды.  Гүлденуге  дейін  күнбағыс  бүкіл  қажет  ылғалдың  20-22,4 

%, себет түзілгеннен (бүрлену кезеңі) гүлденуге дейін – 60 %, ал қалған 

17,6 % - пісу кезеңінде пайдаланады. Сонымен ылғалмен салыстырғанда 

қиын-қыстау  кезеңі  –  бүрлену-гүлдену  кезеңі  және  ол  созылыңқы 

сипатта.  Күнбағыстың  өсіп-дамуына  қара  және  күңгірт  қара-қоңыр 

топырақтар қолайлы болып табылады, ал құмдақ, сазданған және сортаң 

топырақтар  ол  үшін  жарамсыз.  Күнбағысқа  топырақ  ортасының 

реакциясы рН – 6,7-7,5 болғанымен бидайға қарағанда ол көп мөлшерде 

қоректік заттарды сіңіруімен ерекшеленеді. 

Күнбағыс  егін  көгінен  бүрленуге  дейін  азот  пен  фосфордың  30  %-

ын, калийдің 35 %-ын сіңіреді. Оның 1 ц тұқымы топырақтан 6-7 кг азот, 

2,0-2,5  кг  фосфор,  10-12  калий  шығындайды.  Өсімдігі  жарық  сүйгіш, 

көлеңкеленгенде  және  бұлыңғыр  ауа-райында  өсуі  мен  дамуы  әлсіз 

жүреді де вегетациялық кезеңі ұзарып кетеді. 

Қазақстанда  өсіруге  рұқсат  етілген  сорттары  мен  будандары: 

Ислеро  (орташа  мерзімде  пісетін  будан)  –  ШҚО,  Павлодар  обл.; 

Казахстанский  1  (орташа  мерзімде  пісетін  будан)  –  Павлодар,  ШҚО, 

Ақмола,  Қызылорда  обл.;  Казахстанский  341  (орташа  мерзімде  пісетін 

будан)  –  Оңтүстік  Қазақстан,  Алматы,  Солтүстік  Қазақстан  обл.; 

Сибирский  91  (ультра  ерте  пісетін  сорт)  –  Қарағанды,  Павлодар  обл.; 

Солнечный 20  (ерте  пісетін  будан)  –  СҚО,  ШҚО,  Павлодар  обл.; СПК-

Кондитерский  (орташа  мерзімде  пісетін  сорт)  –  Ақтөбе,  Ақмола, 

Павлодар  обл.;  Восточный  (будан)  –  Ақмола  обл.;  Торедо  (ерте  пісетін 

сорт) – Павлодар облысында ж.б.. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   362   363   364   365   366   367   368   369   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет