Себу жұмыстары.
Қыша ерте себуді қажетсінетін дақыл. Оның
жаппай көктеуіне топырақтың тұқым сіңірілген тереңдігінде
температура 8-10°C оңтайлы деп есептеледі. Мұндай кезең әдетте
масақты және дәнді бұршақ дақылдарының себу мерзіміне сәйкес келеді.
Сонымен бірге ерте себудің артықшылықтары да бар:
-жоғары оң температура және топырақтың ылғалды беткі қабаты
қуатты тамыр жүйесі мен жапырақ дегелегін қалыптастыруға мүмкіндік
жасайды, ал бұл өз кезегінде дақылдың арамшөптермен бәсекелестігін
арттырады.;
-қыша ұзақ күн өсімдігі болғандықтан, кеш себілген жағдайда ол
барлық өсіп-даму кезеңдерін жеделдетіп өтеді. Ал мұның өзі тұқым
өнімділігін төмендетеді;
-ерте себілген қыша егістігі қырыққабат бүргелерінен аз зардап
шегеді.
Қышаның кең тараған себу тәсілі –
жаппай қатардағы (15,23 см)
тәсіл (СЗТ-3,6 ж.б.) танап арамшөптермен ластанған болса, кең қатарлап
(45-46 см) себуге де болады. Жаппай қатардағы тәсілде себу мөлшері
2,5-3,5 млн/га өнгіш тұқым (10-12 кг/га), ал кең қатарлыда – 1,5-2,0
млн/га (6-8 кг/га). Себу тереңдігі топырақтың механикалық құрамы мен
ылғалдылығына байланысты 2,0-4,0 см –ден 5,0-6,0 см-ге дейін өзгереді.
Достарыңызбен бөлісу: |