Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ


Өсіру  технологиясындағы  ерекшеліктер



Pdf көрінісі
бет372/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   368   369   370   371   372   373   374   375   ...   490
Байланысты:
index (15)

Өсіру  технологиясындағы  ерекшеліктер.

 

Ауыспалы  егістегі 

орны. 

Қышаға  сүрі  танабында  өсірілген  дәнді  дақылдар,  дәнді  бұршақ 

дақылдары,  отамалы  дақылдар  және  сүрі  жерлердің  барлық  түрлері 



 

369 


жақсы  алғы  дақыл  болып  табылады.  Қышаны  күнбағыстан,  тары  мен 

қырыққабат  тұқымдастары  дақылдарынан  кейін  (рапс,қышабас,  қыша 

ж.б.)  орналастырмаған  дұрыс.  Қыша  –  масақты  дәнді  дақылдар  үшін 

бағалы  алғы  дақыл:  танапты  ерте  босатады,  тамыр  жүйесі  1,5  м  дейін 

топырақ  қабатына  бойлай  отырып  оны  жақсы  борпастандырады, 

органикалық  заттармен  байытады;  тамыр  және  аңыз  қалдықтары 

топырақта сақталған аурулар және зиянкестерге езгілей әсер етеді. 

 

Топырақ  төңдеу  жүйесі

  алғы  дақылға  байланысты  өзгереді, 

алайда барлық жағдайларда ол ылғал жинақтауға, арамшөптерді құртуға, 

егін  көгінің  жаппай  көктеуіне  топырақтың  тегіс  және  ылғалды  бетін 

жасауға бағытталуы тиіс топырақты негізгі өңдеу оңтайлы мерзімде 22-

25  см-ге  терең  жүргізіледі.  Көктемде  физикалық  пісуінен  бастап  себу 

алдындағы  топырақ  өңдеу  жұмыстары  қарастырылады:  3-4  см 

тереңдікте  тырмалау,  5-6  см  себу  алдындағы  культивация  және  ұсақ 

кесекті топырақ құрылымын қамтамасыз ететін тығыздау. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   368   369   370   371   372   373   374   375   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет