Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ


ҚЫША        Халық  шаруашылығындағы  маңызы



Pdf көрінісі
бет370/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   366   367   368   369   370   371   372   373   ...   490
Байланысты:
index (15)

ҚЫША 

 

 

 



Халық  шаруашылығындағы  маңызы.

 

Күнбағысқа  бәсекелес 

болуға  мүмкіндігі  бар  дақылдың  бірі  –  қыша.  Ол  топырақ  күйін 

нашарлатпай  өсімдік  майы  өндірісін  арттыра  алады.  Нарық 

экономикасында  оған  сұраныс  соңғы  жылдары  артып  келеді. 

Қазақстанда  қыша  өсірудің  агроэкологиялық  артықшылықтары  оның 

медициналық- 

биологиялық 

қасиеттерніде, 

өнімінің 

жоғары 

рентабельділігі (110%-дан жоғары) нарықта оның дамуына ,өнімін қайта 

өңдеуде,  таза  пайданың  артуына  әсері  зор.  Жоғары  экономикалық 

тиімділікті  қамтамасыз  ететін  тұрақты  жоғары  тұқым  өнімін  алуда 

дақылдың  өсіру  технологиясын  тыңғылықты  іске  асыру  қажет. 

Қышаның тұқымында 47-49% - ға дейін өсімдік майы жинақталады және 

мамандардың  бағалауынша  оның  дәмі  күнбағыс  майынан  дәмдірек. 

Тұқымында 3,0% - ға дейін эфир майы болады (сарепт қышасында). Ақ 

қышаның  тұқымында  35%  сұйық  (өсімдік)  майы  мен  1%  шамасында 

эфир майы бар. Тұқымынан майларды  сығып алғаннан кейінгі  қалдығы 

–күнжарасынан  қыша  ұнтағы  өндіріледі,  одан  асхана  қышасы  мен 

медициналық  қышалықтар  дайындалады.  Соңғысының  медицина 

саласында  емдік  қасиеті  зор  (әсіресе  суық  тигенде).  Қышаның 

агротехникалық маңызы да айтарлықтай: оның тұқымы жақсы ықтырма 

өсімдігін  қалыптастырады;  өсімдіктерінің  тамыр  жүйесі  органикалық 

қышқылдар  түзеді  де  топырақтағы  қиын  еритін  тұздарды  жеңіл 

сіңірілетін  күйге  айналдырады,  әрі  топырақта  ол  фитосанитарлық  рөл 

атқарады (әсіресе картоптың фитофтороз, ризоктониоз, парша, фузариоз 

шірігі  ауруларын  басады)  сонымен  қатар  қыша  өсімдігін  топыраққа 

жыртып  енгізгенде  ондағы  сымқұрттар  (проволочники)  санын 

азайтатыны  белгілі,  өйткені  олардың  қыстап  шығу  жағдайлары 

нашарлайды да  опат болуына ұрындырады; Қазақстанда қыша – жақсы 

бал жинағыш дақыл. 

Қыша өсімідігінен сүрлемдік мал азығы дайындалады. 




 

367 


 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   366   367   368   369   370   371   372   373   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет