Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ


Морфологиялық сипаттамасы, биологиялық ерекшеліктері мен



Pdf көрінісі
бет371/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   367   368   369   370   371   372   373   374   ...   490
Байланысты:
index (15)

Морфологиялық сипаттамасы, биологиялық ерекшеліктері мен 

сорттары.

 

Қышаның  екі  түрі  өсіріледі  (көкшіл  сұр  немесе  сарепт 

қышасы)  –  (Brassica  Juncea  L.)    және  ақ  қыша  –  (Sinapis  alba  L.)  және 

қырыққабат  (Brassicaceae)  тұқымдасына  жатады.  Екеуінің  сыртқы 

құрылыстарында көп ұқсастықтар бар (Сурет 33). 

 

Көкшіл сұр қыша 

– айтарлықтай биік (1,5-2 м-ге дейін) біржылдық 

өсімдік,  бұтақты,  балауыз  тұтынан  түсі  көкшіл  сұр  болып  келеді. 

Дамыған  кіндік  тамыры  2м  топырақ  тереңдігіне  бойлайды. 

Жапырақтары  шар  пішінді,  отырмалы  немесе  қысқа  сағақты.  Гүлдері 

төрттік түрде, қосжынысты, ашық сары түсті, маусым-шілде айларында 

гүлдейді,  гүл  шоғыры  –  шоқгүл.  Гүлдегеннен  кейін  дөңес  бұршаққын 

түзеді,  оның  ұзындығы  3-5  см-ге  дейін  жетеді,  біз  тәрізді  мұрыншасы 

болады.  Тұқымы  шар  тәрізді,  қызғылт  қоңыр  немесе  күңгірт-қоңыр 

түсті, 1000 тұқымның массасы – 2-4 г. 

 

 



Сурет  33.    Көкшіл  сұр  қыша.  1,  2  –  дамыған  егін  және  гүлдену-жеміссалу 

кезеңдеріндегі өсімдіктер; 3 – сабақтың бір бөлігі; 4 – жемісі; 5 – тұқымдары. 



 

Ақ қыша

 – біржылдық шөптесін өсімдік, тереңге бойлайтын кіндік 

тамыр  жүйесін  қалыптастырады.  Сабағының  биіктігі  -30-80см.  Көкшіл 

сұр  қышадан  шашақталған  сабағымен  ерекшеленеді  және  жапырақтары 

мен  бұршаққындары  сияқты  ұсақ  түктермен  көмкерілген.  Гүлдері  сары 



 

368 


түсті,  бал  иісті,  жемісі  -5-6  тұқымды  бұршаққын  және  ол  ұзын  семсер 

тәрізді мұрыншасымен аяқталады. Жеміс піскенде жарылмайды, тұқымы 

шар  тәрізді,  сарғыш  түсті,  1000  тұқымының  массасы  –  5-6  г.  Қыша 

қоршаған орта факторларына жоғары талап қоймайды.  

 

Сурет  34.  Ақ  қыша.  1,  2  –  дамыған  егін  көгі  және  гүлдену-жеміссалу 



кезеңдеріндегі  өсімдіктер;  3  –  жапырақтары,  гүл  шоғырлары  және  жемістерімен 

сабақтың бір бөлігі; 4 – жемісі; 5 – тұқымдары. 

 

Тамыр  жүйесі  қиын  еритін  тұздардан  фосфор  мен  калий  қоректік 



элементтерін  сіңіре  алатындықтан  әлсіз  қышқыл  реакциялы  құнарлығы 

төмен  топырақтарда  өсе  береді.  Көкшіл  сұр  қыша  жылуға  айтарлықтай 

жоғары  талап  қоймайды,  тұқымдары  2-3°C  жылылықта  өне  бастайды, 

егін  көгі  -5  °C-ға  дейінгі  үсікті  (бозқырау,  аязды)  жеңіл  көтереді. 

Қуаңшылыққа 

төзімділігімен 

ерекшеленеді, 

транспирациялық 

коэффициенті – 320-350 бірлікке тең; оған ауыр, толқымалы және сортаң 

топырақтар  жарамсыз,  орташа  байланысқан  қара  және  қара-қоңыр 

топырақтарды жаратады; өсіп жетілу кезеңінің ұзақтығы – 90-100 тәулік. 

Ақ  қыша  ылғал  сүйгіш  және  салқынға  төзімді  дақыл;  тұқымы  1-2°C 

температурада өне бастайды, егін көгі  – 6°C бозқырауды  көтереді; ұзақ 

күннің  өсімдігі  сондықтан  солтүстік  аудандарда  ерте  гүлдейді  және 

қысқа  өсіп-жетілу  кезеңімен  (80-90  тәулік)  ерекшеленеді.  Қазақстанда 

қышаның өсіруге рұқсат етілген мынадай сорттары бар: Неосыпающаяся 

2 (Ақмола,  Павлодар, СҚО), Заря (Павлодар обл.), ВНИИМК 11 (Батыс 

Қазақстан обл.), Рушена (Ақмола, Павлодар, СҚО). 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   367   368   369   370   371   372   373   374   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет