Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет378/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   374   375   376   377   378   379   380   381   ...   490
Байланысты:
index (15)

Биологиялық 

ерекшеліктері.

 

Майлы 



зығырдың 

басты 


ерекшеліктерінің  бірі  –  оның  жартылай  қуаңшылықты  далалық  және 

орманды-дала  аудандарының  жағдайларына  бейімділігі.  Ол  жылуға 

жоғары  талап  қояды,  әсіресе  пісу  кезеңінде,  тұқымдары  3-4

0

С-да  өне 



бастайды, көктеуіне оңтайлы температура 12-14

0

С. Зығырдың егін көгі – 



3-4

0

С  бозқырауды  жеңіл  көтереді.  Орташа  мерзімде  пісетін  сорттары 



үшін  белсенді  температура  жиынтығы  1600-1800

0

С.  Майлы  зығыр 



көктеуден      гүлденуге  дейінгі  кезеңде  қуаншылыққа  барынша  төзімді. 

Бұл  уақытта  тамыр  жүйесінің  өсуі  мен  топыраққа  тереңдей  бойлауы 

жүреді. 

Майлы  зығыр  ылғалға  орташа  талап  қояды,  транспирациялық 

коэффициенті  370-430.  Ылғалға  барынша  жоғары  талабы  гүлдену-

тұқымның толысу кезеңінде байқалады. Бұл кезеңдегі ылғал жетімсіздігі 

өнімді  күрт  төмендетеді.  Майлы  зығырға  ең  жақсысы  механикалық 

құрамы  орташа  қара  және  күңгірт-қоңыр  топырақтар.  Сортаң  кешенді 

топырақтар оған жарамсыз. 

Майлы  зығыр  өздігінен  тозаңданатын  өсімдік,  алайда  төменгі 

температура  мен  ауаның  төмен  салыстырмалы  ылғалдылығында 

гүлдердін  бір  бөлігі  айқас  тозаңдануы  мүмкін.  Зығыр  таңғы  сағаттарда 

гүлдейді,  жекелеген  гүлдер  3-5  сағат  бойы  гүлдейді,  алайда  танаптың 

гүлдеуі 30-40 тәулікке дейін созылады. 

Майлы  зығырда  мынадай  фенологиялық  кезеңдер  ажыратылады: 

көктеу  –  6-7  тәулік  (тұқым  жарнақтары  жапырақтарының  пайда  болу 

кезеңі), қосқұлақ – 28-29 тәулік себуден бастап. 

Майлы  зығырдың  Қазақстанда  өсіруге  рұқсат  етілген  сорттары: 

Кустанайский 

янтарь 


(Ақмола, 

Қарағанды, 

Қостанай, 

СҚО); 


Исилькульский (СҚО); Карабалыкский  7  (Ақмола,  СҚО); Опал  (Ақтөбе 

обл.). 



 

372 


 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   374   375   376   377   378   379   380   381   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет