Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет376/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   372   373   374   375   376   377   378   379   ...   490
Байланысты:
index (15)

Егінді  жинау

 

қыша  өсірудегі  маңызды  кезең.  Дақылды  тікелей 

орып  бастыруға  да    бөлектеп  жинауға  да  болады.  Арамшөптерден  таза 

алқапты және тұқым ылғалдылығы 12-15 %-ға жеткенде қышаны тікелей 

орып  бастырады;  мұндай  жағдайда  комбайн  жылдамдығы  сағатына  5-6 

шақырымнан  және  барабан  айналымы  минутына  500-700  –  ден 

асырылмайды.  Бөлектеп  (екі  кезеңді)  жинағанда  тұқымның  орташа 

ылғалдылығы  25-30%  -  ға  жеткенде  кесу  биіктігі  20-25  см-ге  дестеге 

шабады;  тұқым  ылғалдылығы  10-12  %  түскенде    дестелер  таңертеңгі 

немесе  кешкі  сағаттарда  бастырылады.  Комбайннан  түскен  астықты 

бірден  тазартып,  қажеттік  туындағанда  қосымша  кептіріп  (тұқым 

ылғалдылығын 8%-дан асырмай), сақтауға жөнелтіледі. 

 

МАЙЛЫ ЗЫҒЫР 

 

Зығыр – бағалы майлы дақыл, оның тұқымынан сапалы кебетін май 



өндіріледі  (35-42  %)  және  оны  техникалық,  тағамдық  мақсаттарға 

пайдаланады.  Техникалық  маңызы  –  сыр,  олиф,  лак,  линолеум 

өндірісінде  қолданылуында.  Майлы  зығырдың  тұқымы  мен  майы 

фармацевтикада да қолданыс тапқан. 

Май  өндірісінің  қалдықтары  (күнжарасы  мен  шроты)  –  бағалы 

құнарландырылған  мал  азығы,  олардың  құрамында  30  %-ға  таяу  белок 

болады.  1  кг  күнжарасы  1,15  а.ө.  тең.  Зығыр  өндірісінің  қалдығы  – 

кострадан  –  жиһаз  плиталарын,  изоляциялық жіптер,  шпагат,  қағаз  ж.б. 

дайындау шикізаты болып табылады. 

Зығыр  –  азиялық  және  жерортатеңіздік  текті  біржылдық  өсімдік, 

ертеден өсіріліп келе жатқан дақыл. Дүниежүзілік егістікте майлы зығыр 

(кудряш) 1,0 млн га астам өсіріледі. Үлкен алқаптары Аргентина, АҚШ, 

Канада, Үнді елдерінде шоғырланған. ТМД елдерінде оның егіс аумағы 

жыл сайын жер шарындағы егістіктің 10 %-на таяу (90 мың га). 




 

371 


Құрғақшылыққа  төзімділігі  мен  ерте  пісетіндігіне  байланысты 

майлы  зығыр  негізінен  Орал,  Батыс  Сібір  мен  Солтүстік  Қазақстанның 

орманды-дала және далалық аудандарында өсіріледі. 

Солтүстік  Қазақстанда  1986-90  жж.  Жалпы  егістігі  28-29  мың  га, 

оның  ішінде  барынша  үлкен  алқаптары  (16-17  мың  га)  Қостанай 

облысының  үлесінде  болды.  Тұқым  өнімі  жоғары  емес  –  1,2-3,1  ц/га 

аралығында. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   372   373   374   375   376   377   378   379   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет