Ботаникалық және морфологиялық сипаттамасы.
Көптеген
түрлерінің ішінде барынша өндірістік маңызы бар зығыр түрі – мәдени,
немесе кәдімгі зығыр (Linum usitatissimum).
Майлы зығыр – біржылдық аласа өсетін (40-50 см) өсімдік. Сабағы
тік өседі, бұтақты және түксіз. Жапырақтары қарапайым, ланцетті,
ұштары үшкірленген, сабақта кезектесіп орналасқан. Гүл шоғыры –
борпас шатыр тәрізді шоқгүл. Гүлдері қосжынысты, бестік түрде,
күлтеше жапырақтары ақ және күлгін түсті, жемісі – бес ұялы домалақ
келген қорапша. Тұқымдары – сопақ, жылтыр, тегіс бетті, қоңыр түсті,
1000 санының массасы 4-6 г (34 – сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |