Тұқымды себуге дайындау.
Мақсары тұқымы себу кондициясына
жеткізіліп, тұқымға арналған үлгіқалып (стандарт) талаптарына сай
келуі керек. Тұқым құрамындағы негізгі дақыл үлесі 95-98 % кем емес
және зертханалық өнгіштік 85-95% болуы керек. Себу алдында
ауруларға қарсы тұқымды 200 ФФ, 34% 3-4 кг/т; ТМТД 80% - 2-3л/т;
фундазол -3кг/т улы химикаттарының бірімен дәрілейді (ПС-10 немесе
басқа құрылымда).
Себу мерзімі.
Мақсары ерте себілетін дақылдар қатарына жатады.
Топырақтың 10 см қабаты 6-8
0
С жылынған кезде себеді, себу мерзімін
кешіктіру өнімділікті төмендетеді және зиянкестермен зақымдану қаупін
күшейтеді.
Қазақстанның оңтүстік шығысының тау бөктері аймақтарында
мақсарыны сәуір айының бірінші онкүндігінің аяғында , ал осы өңірдің
шөлді-далалы аймағында наурыздың аяғы – сәуірдің басында себу
ұсынылады (Т.Н. Нұрғасенов және т.б.,2003).
Қазақстанның оңтүстігінде наурыздың 2-ші онкүндігінде, ал
солтүстігінде және батысында сәуірдің аяғы – мамырдың бірінші
онкүндігінде сепкен дұрыс. Республиканың оңтүстік шығысының қары
аз, көктемгі егістегі ылғалы жеткіліксіз шөлді-далалы аймағында
мақсарыны қыс түсер алдында себу қарастырылады, яғни қараша
айының бірінші онкүндігінде. Аталған жағдайдағы мақсары өнімділігі
көктемгі мерзімде себілген дақылдан кем түспейді (С.С. Арыстанғұлов,
2009).
Достарыңызбен бөлісу: |