Өсіру технологиясының ерекшеліктері.
Күнжіттің ең жақсы алғы
егіс-күздік бидай, жүгері, дәнді бұршақ дақылдары және бұршақ
тұқымдас шөптер.
Күнжіт
тыңайтқыштарға
қайтарымды.
Толық
минералды
тыңайтқыштар (N
90
P
90
K
90
) беру қосымша өнім қалыптастырады. Көң мен
минералды тыңайтқыш бірге беруде өнімділікті жоғарылатады.
Тұқыммен бірге түйіршіктелген суперфосфат (1 ц/га) сіңіру өте
тиімді.
Күнжіт
қоректік
заттарды
созып
пайдаланатын
дақыл
болғандықтан, гүлдеу сатысында тыңайтқыштарды үстеп қоректендіру
арқылы берген тиімді. Күнжіт алғашқы вегетациялық кезеңде жәй
өсетіндіктен арамшөптерден көп зардап шегеді. Сондықтан ол
топырақты өте мұқият өңдеуді қажет етеді. Күнжіттің топырағын өңдеу
шараларына сыдыра өңдеуден кейін сүдігер жырту, ерте көктемде
тырмалау және кемінде үш рет қопсытумен бірге тырмалау жүргізу
жатады. Суарылмайтын учаскелерде тұқым себер алдында танапты
нығыздайды. Күнжіттің тұқымын топырақтың беткі қабаты 16-18
0
С
жылынған кезде себеді. Тұқымды себер алдында (үш күн қалғанда) 80%-
дық ТМТД (3-5 кг/т) өңдейді. Тұқым себу тәсілі- кеңқатарлы
(қатараралықтар 45-70 см). Себу мөлшері гектарына шамамен 5-8 кг.
Себу тереңдігі 2-3 см. Тұқымды сепкеннен кейін танапты нығыздайды.
Күнжіт егісінің қатарлары біліне басталысымен қатараралықтарды
қопсытады. Әрі қарай қатараралықтарды өңдеу арамшөптердің пайда
болуы мен топырақ бетінің қабыршақтануына қарай жасалынады. Өте
жиі егісті сиретеді.
Суармалы танаптарды екі рет суарады: бірінші суару өсімдіктің
шашақтану кезеңінде, екінші – жаппай гүлдеуде. Құрғақшылықты
көктемде күнжіт егісін екінші жұп жапырақ пайда болғанда да суарады.
Суару мөлшері гектарына 800-1000 м
3
. Әр суарудан кейін, топырақ
384
кепкен бойда қатараралықтарды топырақ беті қабыршақтанбау үшін
қопсытады.
Піскен кезде күнжіт тұқымы тез шашылады. Сондықтан дақылды
жинауды төменгі қауашақтары бурылданғанда, бірақ әлі ашылмаған
жағдайда жинай бастайды. Жақсы нәтижені өнімді екі сатылы әдіспен
жинау береді. Тазаланған күнжіт тұқымдарын ылғалдылығы 9%
аспайтын күйде сақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |