ЖЕРЖАҢҒАҒЫ (АРАХИС)
Халық шаруашылығындағы маңызы, таралуы, өнімі
.
Жержаңғағы
(арахис) – дәнінен жоғары сапалы құрғамайтын тағамдық май алынатын
өте маңызды бұршақ дақылы. Май жоғары сортты консерві жасауға
және кондитерлік заттар мен маргарин өндіруге пайдаланылады.
Жержаңғақ дәнінде 60% дейін май және 35% дейін ақуыз болады. Май
өндіргенде қалатын қалдығы – күнжарасында да ақуыз мол. Күнжара –
халуа, шоколад және басқа да азық-түліктер өндірісінде шикізат болып
есптелінеді. Жержаңғақтың құрғақ сабағы мен жапырақтарында 15%
дейін ақуыз болғандықтан, оларды малға жемге пайдаланады.
Вегетативтік массасы- малдың азығы. Бұршақ қабын отынға
пайдаланады.
Жер жаңғағының отаны – Оңтүстік Америка.
Дүниежүзілік егіс көлемі 20 млн. гектарға жуық. Негізгі егістері
Үнді, Қытай, Индонезия мемлекеттерінде шоғырланған. ТМД елдерінде
жер жаңғағы 19 ғасырдың басында өсіріле бастаған.
Қазіргі кезде аздаған көлемде Украинаның оңтүстігінде, Солтүстік
Кавказда, Орта Азия мемлекеттерінде өсіріледі. Біздің елімізде Оңтүстік
қазақстан және Қызылорда облыстарында шағын көлемді жерлерде
өсіріледі.
Дән өнімділігі – 15-18 ц/га. Суармалы жерлерде 40 ц/га дейін өнім
береді.
Достарыңызбен бөлісу: |