Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ


Морфологиялық  және  биологиялық  ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет395/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   391   392   393   394   395   396   397   398   ...   490
Байланысты:
index (15)

Морфологиялық  және  биологиялық  ерекшеліктері.

  Жержаңғағы 

(Arachis  hypogaea  L.)  –  біржылдық  шөптесін  бұршақ  тұқымдас  өсімдік. 

Арахистің  кіндік  тамыры  күшті  тарамданған  топырақтың  1,5  м 

тереңдігіне  дейін  бойлайды.  Түп  бұтақтары  негізінде  дөңгелек,  ал 

жоғарғы  жағы  төртқырлы,  түкті.  Жапырақтары  қос  қауырсынды, 

жоғарғы жағы жылтыр, төменгі жағы түкті. Гүлдері жапырақ бауырында 

бір-бірлеп немесе 2-3 отырады. Гүл күлтесінің  түсі қызғылт-сары. Жер 

үсті  гүлдері  айқас  тозаңданады,  ал  жер  асты  гүлдері  өздігінен 

тозаңданады.  Тозаңданғаннан  кейін  жер  үсті  гүлдерінің  жатынының 

төменгі бөлігі ұзарып, гинофор түзеді, ол 5-6 күн  жоғары қарай өседі де, 

содан кейін иіліп, төмен қарай өсіп топырақтың 10 см тереңдігіне дейін 

енеді.  Содан  кейін  жатыннан  жеміс  дами  бастайды.  Жемісі  – 

жарылмайтын  бұршақ  тәрізді  пішінді    қалың  тор  қабықты,  онда  3-5 

тұқым болады.

 

 




 

385 


 Тұқымы ұзынша сопақ және дөңгелек, қоңыр-қызыл немесе ақшыл-

қызғылт  түсті.  1000  тұқымының  массасы  300-500  г  және  одан  артық 

болады. 

Негізгі тыңайтқыш ретінде жержаңғаққа гектарына 20-25 т көң және 

40-60  кг  фосфор  мен  калий  береді.  Дақылды  сепкен  кезде  10-15  кг  азот 

пен  фосфор  қолданады.  Жаз  бойы  азот-фосфор  тыңайтқыштарымен 

үстеп қоректендіреді.

  

 



 

 

 



 

Жержаңғақты  себуге  топырақтың  10  см  терендігіндегі  температура 

14-15°С  жылығанда  кіріседі.  Оның  бұршақбасын,  немесе  қабығы 

аршылған  дәнін  егеді.  Аршылған  дәнмен  еккенде,  оның  көгі  ерте  және 

біркелкі шығады. Себер алдында дәнді нитрагинмен өңдейді. 

Жержаңғақты 

шаршы-ұялы 

(ұяда 


5-6 

өсімдік), 

немесе 

қатараралықтары  60-70  см  кеңқатарлы  тесілдермен  себеді.  Қабығы 

аршылған дәнді себу мөлшері гектарына 50-80 кг, себу тереңдігі 6-8 см. 

Жержаңғақты  күтіп-баптауға  келесідей  шаралар  кіреді.  Көгі 

шықканға  дейін  топырақ  қабыршықтанса,  оны  жеңіл  тырмалармен 

(ротациялық  шабықтауышпен)  бұзады.  Өсімдік  көп  шыққаннан  сон 

жүйелі  түрде  арамшөптермен  күреседі,  ұядағы  және  катардағы  артық 

өсімдіктерді  алып  тастайды.  Қажеттілігіне  қарай  қатараралықтарды 

 

Сурет 39. Жер жаңғағы. 1, 2 – егін көгінің пайда болуы мен гүлдеуі және 



жемісінің жетілуі; 3 – сабақ бөлігі мен жапырағы және гүлімен; 4 – жемісінің 

бүтін кескіні және жартылай кескіні. 




 

386 


қопсытқыштармен  өндеп,  тыңайтқышты  бірге  береді.  Гинофор  пайда 

болып  және  оның  топыраққа  ену  кезендерінде,  әсіресе  суарған  немесе 

жазда жауын жиі болған кезде 2-3 рет түптеу (түбін көму) жүргізеді. 

Өнімді  жинауға  бұршақбастар  толық  құралған  кезде  кіріседі. 

Жержаңғақтың  піскендігін  білдіретін  белгісі  жапырақтарының  сарғая 

бастауы. 

Жержаңғақты  арнаулы  арахис  жинағыш  машиналармен  немесе 

картоп  қазғыштармен  жинайды.  Жинағаннан  кейін  бұршақбастарды 

кептіреді. Олардың сақтауға қоярдағы ылғалдылығы 10% аспауы керек. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   391   392   393   394   395   396   397   398   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет