389
Майкененің қоректік заттарға да талабы жоғары. Ол 1 ц тұқым
қалыптастыру үшін топырақтан 7,2 кг азот, 1,7 кг фосфор және 5,0 кг
калий жұмсайды. Дақыл үшін жақсы тыңайтқыш болып көң саналады
және оны 20 т/га мөлшерінде шашу тұқым өнімділікті 20-25%
жоғарылатады. Бүкілодақтық майлы дақылдар ғылыми зерттеу
институтының деректері бойынша, майкене плантациясына N
60-90
Р
90
К
30
кг әсерлі затпен минералды тыңайтқыштар беру тұқым өнімділігін 16-
20% көтереді.
Топырақ өңдеу. Майкене өсірілетін танапты күзде алғы дақылды
жинағаннан кейін сыдыра жыотып, содан соң 25-27 см тереңдікке
сүдігер тартады. Ерте көктемде танап тырмаланып және қажетсінше
культивацияланады.
Дақылды индустриальды технологиямен өсіруде арамшөптермен
күресу үшін тиімділігі жоғары топырақ гербицидін трефланды (6-8
кг/га) себер алдындағы культивацияға салады.
Егістік материалға қатаң талаптар қойылады. Себуге ірі және
біркелкі сортқа тән тұқым іріктеп алынады. Тұқымдық материалдың
тазалығы 98% және өнгіштігі 85% төмен болмау керек. Себер алдында
тұқымдық материалды ауруларға қарсы дәріленеді.
Майкенені үсік шалу қаупі өткеннен соң, топырақтың 10 см қабаты
12
0
С жылынғанда себе бастайды. Ерте немесе кеш себу өнімділікті
төмендетеді. Республиканың оңтүстік-шығысындағы майкене себудің
қолайлы күнтізбектік мерзімі мамыр айының бірінші онкүндігінің соңы
(Т.Н.Нұрғасенов және т.б., 2010).
Майкенені шаршы ұялы (70х70 см) және пунктирлі тәсілмен 70 см
қатараралықпен
СУПН-8,
СПЧ-6МФ
сепкіштерімен
себеді.
Т.Н.Нұрғасенов және т.б. (2010), республиканың оңтүстік-шығысының
суармалы жерлерінде майкенені 90х60 см нобаймен себуді ұсынады.
Себу мөлшері ірі тұқымды сорттарды 20-25кг/га және ұсақ
тұқымдыларды-10-12 кг/га. Себу тереңдігі 6-10 см. Гектардағы
өсімдіктер жиілігі 45-60 мың дана аралығында болу керек.
Достарыңызбен бөлісу: