395
Анис өсу ортасына көктегеннен – бұтақтану кезеңіне дейін қатаң
талаптар қояды. Көгі шыққаннан кейін 40-50 күннен соң гүлдейді,
гүлдегеннен жемісінің пісуіне 50-60 тәулік қажет.
Өсіп-даму кезеңінің ұзақтығы 120 күнге созылады, белсенді
температура жиынтығы – 2200°C құрайды. Анистің өсіп-жетілуіне
оңтайлы жағдай қоңыржай ылғалды топырақта қалыптасады. Анис жылу
мен ылғалға салыстырмалы талапты. Оның тұқымы 6-8°C өніп-өсе
бастайды. Өсіп өнуіне оңтайлы температура 22-25°C Көктері 4-6°C
дейінгі қысқа мерзімді үсікті көтереді. Өсімдіктің жылуды көп
мөлшерде қажетсінуі гүлденудің басынан тұқымның пісуіне дейінгі
аралық.
Тұқымның бөртуі үшін массасының 120% ылғал қажет. Ылғалды
барынша көп қажетсінуі гүлдену мен тұқым түзу кезеңдерінде
байқалады. Топыраққа анис жоғары талап қояды. Ол үшін ең жақсы
топырақ – құнарлы қара топырақ.
Қазақстанда өсіруге рұқсат етілген сорттары – Алексеевский 38,
Алексеевский 334, Местный.
Достарыңызбен бөлісу: