392
майы өндіріледі (сұйық май), оны және полиграфия өнеркәсібінде
пайдаланады. Тұқымы нан және тоқаш дайындауда қолданылады.
Кориандр жемісінен эфир майын алғаннан және сұйық майды
экстракциялағаннан кейінгі қалдық-күнжаралар – малға жақсы құрама
жем. Оның 1 кг күнжарасы 0,69 мал азықтық өлшеммен бағаланады.
Кориандр күнжарасында 6%-дан жоғары өсімдік майы 16% - шикі
клетчатка, шикі протеин 31% дейін, эфир майы – 0,018% жуық, сонымен
қатар белогінің 80% ерімейтін фракциядан тұрады. Кориандр күндарасы
сауын сиырға, шошқаға, қойға және құстарға бағалы мал азығы болып
есептелінеді.
Кориандр – жақсы бал әкелетін өсімдік. Дақылдың негізгі егістігі
Ресей және Украинада орналасқан. Кориандрдың тұқым өнімі 10-12 ц/га.
Достарыңызбен бөлісу: