Морфологиялық сипаттамасы, биологиялық ерекшеліктері,
сорттары.
Кориандр (Coriandrum sativum L.) – балдыркөктер
тұқымдасына (Apiaceae) жататын біржылдық шөптесін өсімдік. Ол
кіндік тамырлы, сабағы жоғарғы жағынан бұтақтанады, биіктігі 50-100
см. Жапырақтары кезектесіп орналасады, төменгілері – ұзын сағақты,
қауырсынды, ортаңғылары – қосарланған қауырсынды, жоғарғылары-
ұзын таспа тіліктерге қатты тілінген. Гүл шоғыры – күрделі
шатыршагүл. Гүлдері – ұсақ, ақ, ақшыл қызыл, сары, бестік түрде.
Төмен түйінді, екі ұялы. Жәндіктермен айқас тозаңданады. Жемісі –
дөңгелек немесе шар тәрізді, сары қоңыр немесе қоңыр түсті, қос
тұқымша. 1000 тұқымның массасы 7-10 г. Піскен жемістер оңай үзіліп
түседі. Жемістерінің піскен кездері жағымды иісі мен тәтті дәмімен
ерекшеленеді (Сурет 41.).
Кориандрдың биологиялық ерекшеліктеріне басқа көптеген
шатырша гүлділерге тән - өсіп-дамуының бастапқы кезеңдерінің
ұзақтығы: себу көктеу кезеңінің ұзақтығы -15-23, ал көктеуден – сабақ
түзуге дейін-40-46 тәулікті құрайды. Ол жылуға қатаң талаптар
қоймайды, оның өсіп-жетілуіне белсенді температура жиынтығы –
1900ºC болса жеткілікті. Кориандрдың тұқымы топырақтың 0-5 см
қабаты 6-8 ºC жылынған кезде өне бастайды, бірақ мұндай
температурада өсімдік көгі себілгеннен кейін 20-25 күннен соң пайда
болады. Өсімдік көгі 7-8 ºC үсікті көтереді.
Жылудың барынша қажетсінетін кезеңі – гүлдену және тұқымның
пісуі. Кориандр өсіп- жетілуінің басында ылғалды шамалы пайдаланады,
бірақ вегетативтік массасының қарқынды өсуі мен гүлдену кезеңдерінде
ылғалды қажет етуі күрт өседі.Қоректік заттарды ең көп сіңіруі толық
гүлдену кезеңінде, сондықтан топырақтағы қоректік заттар мен ылғал
бұл кезеңде жетіспесе өнім төмендейді.
Кориандрға ең жақсы терең қарашірінді қабатты қара топырақтар.
Оған ауырсазды және батпақтанған топырақтар жарамсыз.
393
Сурет 41. Кориандр
Өсіп-жетілуінің алғашқы кезеңінде кориандр баяу өседі және
арамшөптерден көп зардап шегеді. Оның гүлденуі мен пісуі біркелкі
емес. Өсіп-жетілу кезеңінің ұзақтығы 90-110 күн. Кориандрдың өсіруге
рұқсат етілген және кең таралған сорттары - Смена, Луч, Янтарь
Ранний.
Достарыңызбен бөлісу: |