Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет404/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   400   401   402   403   404   405   406   407   ...   490
Байланысты:
index (15)

Өсіру  технологиясы

.

  Кориандрдың  өте  жақсы  алғы  дақылдары 

көң  енгізілген  екпе  сүрі  танабына  орналасқан  күздік  астықтар,  отамалы 

және  дәндібұршақ  дақылдары.Кориандр  тыңайтқыштарды  жақсы 

қажетсінеді. 

Органикалық 

тыңайтқыштарды 

алғы 


егісіне, 

ал 


минералдықтар- дақылдардың өзіне тікелей беріледі. 1 гектардан 15-18 ц 

тұқым  өнімін  алуға  тұқым  себу  алдында    топыраққа  45-60  кг-нан  азот, 

фосфор  және  калий  енгізеді.  Тұқыммен  бірге  түйіршіктелген 

суперфосфатты  (1гектарға  10  кг  Р

2

О

5



)  қатарға  себу  тиімді.  Кориандр 

өсімдігін 4-5 жапырақ кезеңінде гектарына 20кг әсер етуші зат есебінде 

азот және фосфор тыңайтқыштарымен үстеп қоректендіреді. 

Топырақты өңдеу шараларында 22-25 см тереңдікке сүдігер жырту 

(дәнді  дақылдардан  кейін  кориандрды  орналастырғанда  алдын  ала 

сыдыра  жыртқыштармен  өңдегеннен  кейін),  ерте  көктемгі  тырмалау 

және тұқым себу алдындағы қопсыту тырмалаумен бірге жүргізіледі. 

Себуге  ірі,  біркелкі  тұқымдар  пайдаланылады.  Тұқымды  3-4  күн 

жылы ауада қыздыру жақсы әсер етеді. Себу алдында тұқымды 80%-дық 

ТМТД (1ц тұқымға 400г) препараттарымен дәрілейді. 




 

394 


Кориандрды  ерте  көктемде,  далалық  жұмыстардың  алғашқы 

күндерінде    жаппай  қатардағы  немесе  қатараралықтары  45  см  кең 

қатарлы тәсілмен себеді. 

Тұқым себу мөлшері гектарына жаппай қатардағы егісте 20-22, кең 

қатарлыда 13-15 кг/га. Себу тереңдігі 2-3 см. 

Жаппай қатардағы егісте  өсімдік көктері шықпай тұрып, топырақ 

бетіндегі  қабыршақтарды  ротациялық  шабықтауышпен  жояды,  ал  кең 

қатарлыда- одан басқа , қатараралықтарды 2-3 рет қопсытады. 

Кориандр  жемістері  біркелкі  піспейді,  алдымен  жемістер  орталық 

шатыршада, сонан соң бүйір шатыршаларда піседі. Жемістер көп тұрып 

қалса,  оңай  шашылып  қалады.  Кориандрды  шатыршалардың  75% 

қоңырланғанда комбайнмен жинайды. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   400   401   402   403   404   405   406   407   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет