Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ


Морфологиялық  сипаттамасы,  биологиялық  ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет412/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   408   409   410   411   412   413   414   415   ...   490
Байланысты:
index (15)

Морфологиялық  сипаттамасы,  биологиялық  ерекшеліктері, 

сорттары.

 

Ерінгүлділер  тұқымдасына  жататын  көпжылдық  шөптесін, 

қоңыржай  климаттың  ылғал  сүйгіш  өсімдігі.  Жалбыздың  (Mentha) 

бірнеше  мәдени  түрлері  бар:  бұрышты  (M.  Pipera  L.),  жапондық  (M. 

Japonica  L.)  және  бұйра  (M.  Crispa)  жалбыз.  ТМД-да  көбіне  егілетіні 

бұрышты  жалбыз.  Бұрышты  жалбыз  –  Тауқалақай  тұқымдасына 

(Lamiaceae)  жататын  көпжылдық  тамырсабақты  өсімдік.  Бұрышты 

жалбыздың  екі  негізгі  формасы  кездеседі-қара  және  ақ.  Өндірісте  қара 

формасы  қолданылады.  Жалбыз  тамырсабағы  топырақтың  терең 

қабатында  жатады.  Сабақтары  тік  өседі,  бұтақтанады,  биіктігі  80  см 

жетеді.  Жапырақтары  –  қарама-қарсы  орналасқан,  жиегі  өткір  ара  тісті, 

сопақ  қандауыр  пішінді.  Жапырақ  жүйкелерін  бойлай  эфир  майын 

түзетін көп мөлшерде бездер орналасқан. Гүлдерінің көп бөлігі аналық, 

ұсақ,  қызғылттау  бос  масақ  тәрізді  гүл  шоғырына  топталып  жиналған. 

Көптеп  гүлденгенмен  тұқым  түзбейді.  Жалбыз  тамырсабағымен 

көбейеді. 

Жалбыз  жылуды  аз  талап  етеді.  Азғана  қар  жамылғысында  ол 

жабусыз-ақ  жақсы  қыстайды.  Тамырсабақтарындағы  бүршіктер  2-3°C 

ояна  бастайды.  Жас  өркендер  6°C  өне  бастайды  да  6°C  дейінгі  үсікті 

көтере алады. 

Жалбыз  жарыққа  қатаң  талап  қояды.  Жапырақтары  көлеңкеленсе, 

өнім мен ондағы эфир майының мөлшері төмендейді. 

Жалбыз ылғал сүйгіш өсімдік. Жер үсті массасы топырақтың 80% 

төменгі ылғал сиымдылығында өте жақсы жетіледі. Өсімдік құнарлығы 

төмен топырақтарда жақсы өседі. 

Бұрышты  жалбыз  өсіретін  аймақтарда  оның  көптеген  жергілікті 

сорттары өсіріледі. Селекциялық жұмыстардың арқасында Прилукская 6 

және Краснодарская 2 сияқты құнды сорттары кеңінен пайдаланылуда  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   408   409   410   411   412   413   414   415   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет