Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет413/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   409   410   411   412   413   414   415   416   ...   490
Байланысты:
index (15)

Өсіру технологиясы

Бұрыштық жалбызды ауыспалы егісте күздік 

дақылдардан  кейін  немесе  арнаулы  телімдерде  орналастырады.  Оған 

гектарына 15-20 т көң және толық минералдық тыңайтқыштар (N – 90кг, 

P

2

O



–  60кг,  К

2

О  –  90кг)  енгізіледі.  Көңді  толық,  минералдық 



тыңайтқыштардың  бір  бөлігін  күзде    топырақты  жыртқанда,  ал 

минералдық  тыңайтқыштардың  қалған  бөлігін  қопсытудың  алдында, 

тамырсабақты отырғызғанға және үстеп қоректендіруде қолданады. 



 

398 


Топырақты өңдеу 25-27 см тереңдікке сүдігер жырту (күздіктерден 

кейін  алдын  ала  сыдыра  жыртқыштармен  өңдеу),  ерте  көктемдегі 

тырмалау және культивациялау жұмыстарын қарастырады. 

Жалбызды  тамырсабақпен  отырғызады.  Оны  күзде  ескі 

плантацияда  дайындайды.  Плантацияны  12-15  см  тереңдікке 

қайырмасыз соқамен өңдейді, сонан соң тамырсабақты тырмамен жинап 

алады. 1 гектардан 40-50 ц тамырсабақ алынады. Оларды қыста арнайы 

қазылған орда сақтайды. 

Жалбыз  тамырсабағын  ерте  көктемде  СКМ-3  арнайы  көшет 

отырғызғыш машиналармен қатараралығы 70 см, қатардағы тамырсабақ 

ара  қашықтығын  10-12  см  етіп  отырғызады.  1  гектарға  отырғызылатын 

тамырсабақ  материалының  мөлшері  8-10  ц  шамасында  болады. 

Тамырсабақты отырғызу тереңдігі 7-8 см. 

Плантацияны 

күтіп-баптау-көктемгі 

тырмалау, 

4-5 

рет 


қатараралық  өңдеулер  мен  бірінші  және  екінші  қопсытуларда 

минералдық  тыңайтқыштармен  (N  –  30кг,  P

2

O



–  30кг,  К

2

О  –  кг)  үстеп 



қоректендіруден тұрады. 

Жалбызды  арнайы  қарастырылған  пішен  шапқышпен  гүлдену 

кезеңінде  орады.  Бұл  кезеңде  ол  эфир  майы  көп  мөлшерде  болатын 

жапырақ  өнімін  береді.  Өсімдік  дестеде  кептіріледі  және  оны  толық 

кептіру  үшін  арнайы  дайындалған  жерге  алып  кетеді.  Ұнтақтағыш 

машинамен  жалбыздың  эфир  майы  жоқ  сабағынан  жапырақтарды 

ажыратады.  11%  аспайтын  ылғалдылықтағы  құрғақ  жапырақтарды 

өңдеуге өткізеді.

 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   409   410   411   412   413   414   415   416   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет