Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет415/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   411   412   413   414   415   416   417   418   ...   490
Байланысты:
index (15)

Ботаникалық  сипаттамасы

Картоп  алқа  тұқымдасына  жатады 

және  егістіктегі  негізгі  түрі  Solanum  tuberosum.  Табиғи  тегі  бойынша 

картоп сабағы жыл сайын өліп отыратын көпжылдық шөптесін өсімдік, 

бірақ  жер  шарының  көптеген  елдерінде  бір  жылдық  өсімдік  түрінде 

өсіріледі (Сурет 42).  

Оны  вегетативті  түрде  (түйнек,  көз-ше,  бүршіктерімен)  және 

тұқымымен  көбейтуге  болады.  Өндіріс  жағдайында  картоп  негізінен 

түйнегімен – қысқарған жер асты өркенінің өзгерген түрі  – көбейтіледі. 

Тұқыммен  көбейтіл-генде  картопта  күндік  тамыр  мен  жалғыз  сабақ,  ал 

түйнегімен  көбей-тілгенде  шашақ  тамырлар  жүйесі  мен  бұта  пайда 

болады.  Картоп  бұтасы  бірнеше  сабақтардан  құра-лады.  Өсімдігі 

қосжарнақты,  әлсіз  дамыған  тамыр  жүйесін  қалыптас-тырады  (бүкіл 

картоп өсімдігі массасының 6-7 %, ал астық дақылдарында ол көрсеткіш 

– 20-25%) және топырақтың 60 см қабатында орналасқан. 

Картоп  жуандаған  столон  қалыптастырады,  ол  түр  өзгерісіне 

ұшырған  жер  асты  сабағы  болып  табылады,  ұштары  жуандап  түйнекке 



 

402 


айналады.  Түйнектерде  көзшелер  бұранда  тәртібімен  орналасқан 

(кеңірдектелген  жапырақтар).  Картоп  түйнегі  маңызды  биологиялық 

қасиеті  –  тыныштық  күйі  кезеңімен  сипатталады,  мұның  өзі  тұқымдық 

материалды келесі өніміне зиян келтірмей күзгі-қысқы кезеңде сақтауға 

мүмкін  береді.  Тыныштық  күйінің  ұзақтығы  картоптың  сорты  мен 

сақтау жағдайларына байланысты. Ортадан кеш пісетін және кеш пісетін 

сорттарының  тыныш-тық  күйі  ерте  және  орташа  мерзімде  пісетіндерге 

қараған-да  ұзағырақ.  Қысқы  сақтау  ережесін  (тәртібін)  дұрыс 

қолданғанда картоп түйнегі 6-7 ай бойы көктемей жақсы сақталады. 

Түйнектер  өне  бастағанда  тыныштық  күйдегі  өркен-көзшелерден 

өскіндер түзіледі, олар жарықта қысқа және жасыл, ал қараңғыда – ұзын 

және  түссіз  болады.  Өскіндерден  картоп  бұтасы  пайда  болады,  ол 

бірнеше   сабақтарды біріктіреді (Сурет 43). 

           Картоп басқа   танаптық дақылдар сияқты өзінің тіршілік үрдісінде 

үнемі  қоршаған  ортамен  байланыста  болады. 

Қалып-ты  өсіп-дамуына,  мол  өнім  алуда 

өсімдіктерді  барлық  тіршілік  факторларымен 

(су,  жылу,  жарық,  ауа,  қоректік  заттармен) 

Сурет 42.  Картоп. 1  – өсімдігі;  2 – тұ-қым өскіні; 3  – гүл шоғыры; 4  – 

гүлдері; 5 – жапырақтары; 6 – жемістері; 7 – тұқымы 




 

403 


бір мезгілде, үздіксіз және қажетті мөлшерде қамтамасыз ету қажет. 

    Картоп  өсімдігінің  қоршаған  орта  факторларына  талабы  тіршілігінің 

әр  кезеңінде  бірдей  емес.    Оның    үстіне,  әр    фактор  басқа  жағдай 

қалыптасқанда  басқаша  әсер  етеді,  міне  сондықтан  өсу    жағдайларына  

қоятын  талаптарын  тереңірек  оқып-үйреніп  және  өсімдіктердің  оларға 

қажетсінуін ескеру абзал. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   411   412   413   414   415   416   417   418   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет