Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет407/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   403   404   405   406   407   408   409   410   ...   490
Байланысты:
index (15)

Өсіру  технологиясы.

 

Ауыспалы  егісте  анисті  күздіктер  мен 

отамалы  дақылдардан  кейін  орналастырады.  Ол  тыңайтқышты 

қажетсінеді.  Негізгі  тыңайтқыш  ретінде  гектарына  45-60  кг-нан  (ә.е.з. 

мөлшерінде) толық минералдық тыңайтқыштар (NPK) енгізіледі. Себуде 

түйіршіктелген  суперфосфат,  ал  жертаған  жапырақ  пайда  болғанда 

өсімдікті  гектарына  15-20  кг  әсер  ететін  зат  есебімен  азот-  фосфор 

тыңайтқыштарымен үстеп қоректендіреді. 

Анис топырағын өңдеу кориандрға ұқсас. Тұқымды себу алдында 

жылы  ауамен  өңдейді.  Себуді,  егер  танап  арамшөптерден  таза  болса, 

ерте  жаздық  астықтармен  бір  мерзімде  кәдімгі  жаппай  қатардағы 

тәсілмен жүргізеді. 

Арамшөптермен ластанған топырақтарда кең қатарлы тәсіл (45 см) 

жақсы  нәтиже  береді.  Тұқымның  себу  мөлшері  1  гектарға  –  кәдімгі 

жаппай қатардағы егісте – 20, кең қатарлыда 12-14 кг. Себу тереңдігі 2-3 

см.  Сеуіп  болғаннан  кейін  топырақты  таптауышпен  тығыздайды.  Кең 

қатарлы  егісті  кемінде  үш  рет  қопсытады:  біріншісі  –  көктеу  кезеңінде, 

келесілерін – арамшөптердің пайда болуына қарай және қатараралықтар 

қабыршақтанғанда. 

Анисті  бір  немесе  екі  кезеңді  тәсілмен  орталық  шатыршагүлдегі 

жемістер  пісуінің  басында  немесе  шатыршагүлдің  60%  піскенде 

жинайды. 

  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   403   404   405   406   407   408   409   410   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет