Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ


  ЭФИР МАЙЛЫ ДАҚЫЛДАР  (жалпы сипаттамасы)



Pdf көрінісі
бет400/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   396   397   398   399   400   401   402   403   ...   490
Байланысты:
index (15)

4.2  ЭФИР МАЙЛЫ ДАҚЫЛДАР  (жалпы сипаттамасы) 

 

Эфир майлы өсімдіктерді ароматты зат – эфир майларын алу үшін 



өсіреді. Оларды негізінен парфюмерия-косметика, тамақ және дәрі 

дәрмек өндірістерінде қолданады. 

Эфир  майларын  өсімдіктер  шикізатынан  гидродистилляциялау 

жолымен  немесе  ерітінділерімен  экстракциялау  арқылы  алады.  Эфир 

майлы  өсімдіктер  эфир  майлары  өндірісінде  табиғи  шикізат  болып 

саналады. 

Эфир  майлы  өсімдіктер  жер  шарының  барлық  егіншілікпен 

айналысатын аймақтарында өсіріледі. Әлемде жылына 20-25 мың тонна 

эфир  майлары  өндіріледі.  Олардың  басым  бөлігі  –  26-28%  -  Солтүстік 

Америка мен Азия елдерінің үлесіне тиеді, ал Европа мемлекеттерінде  -

20%  және  Оңтүстік  Америкада  –  14%-ға  жуығы  өсіріледі.  Европа 

континентіндегі  эфир  майлы  өндірістің  ең  дамыған  елдеріне  ТМД 

мемлекеттері, Болгария, Франция, Испания және Италия жатады. 

Адамзат  эфир  майлы  өсімдіктерді  ертеден  пайдаланған.  Біздің 

эрамызға дейін 4 мың  жыл бұрын мысырлықтар өздерінің қажетіне хош 

иісті өсімдіктерді қолданған. Индия, Египет және басқа ертеде өркениеті 

дамыған орталықтардың эфир май өндірісі жер шарының басқа елдеріне 

кеңінен тараған. 

ТМД елдерінде әлемдегі барлық эфир өндірісінің 4%-дан  астамы 

және дүниежүзіндегі кориандр майының 90% өндіріледі. 

Әдебиет  көздерінің  деректері  бойынша,  әлемнің  эфирлі  табиғи 

флорасында  3000  таяу  түрлері  тіркелген,  оның  ішінде  1054  түрі  ТМД 

мемлекеттері  үлесіне  тиеді,  атап  айтқанда  Кавказда  491  түр,  ал 

Қазақстанда  449  түрі  кездеседі.  ТМД  мемлекеттерінде  мәдениленген 

эфир майлы өсімдіктердің 30-ға таяу түрлері бар. 

 Эфир майларына ең бай өсімдіктерге ерінгүлділер, балдыркөктер, 

астра,  шатырша  тұқымдастары  кіреді  және  олардың  эфир  майлы 

өсімдіктер арасындағы үлесі 50%-дан асады. 

Эфир  майлы  өсімдіктердің  химиялық  құрамы  күрделі  және 

тұрақты  емес.  Оның  құрамындағы  компоненттер    қатынасы,  олардың 

сақталуы  немесе  сақталмауы  көптеген  факторларға  -  өсімдіктің 

табиғатына    (түр,  сорт),  өсірілген  жеріне,  климат  жағдайына,  жинау 

мерзіміне және т.б. – байланысты өзгереді. 

Өсімдіктердің  барлық  бөлігінде  бірдей  эфир  майлары  болмайды. 

Мысалы,  кориандр  өсімдігінде  эфир  майы  гүлінде,  жемісінде, 

сабағында,  жапырағында  және  тамырында  түзілсе,  осы  тұқымдастыққа 




 

391 


жататын  кароподиумда  тек  қана  жемісінде  жиналады.  Бір  өсімдік 

деңгейінде әртүрлі органдарына жиналған эфир майларының құрамы да 

әртүрлі болады. 

Өсімдіктердің  әртүрлі  органдарынан  эфир  майын  алудың 

технологиялық  үдерісінің  өздеріне  тән  ерекшеліктері  бар,  сондықтан 

эфир  майлы  шикізат  әртүрлі  топтарға  жатқызылады.  Олар  тұқым,  шөп, 

гүл және тамыр шикізаттары болып бөлінеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   396   397   398   399   400   401   402   403   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет