МАЙКЕНЕ – КЛЕЩЕВИНА
Халық шаруашылығындағы маңызы, таралуы, өнімі
.
Майкене –
жоғары майлы өсімдік. Тұқымында жалпы 47-50% кеппейтін май
болады, ал ядросында 64-71% болса, жаңа сорттар құрамындағы майдың
мөлшері 73-74% жетеді.
Майкене тұқымында өте улы зат – рицин болады және оның
құрамында циан тобы мен рицинин (алкалоид) кіреді.
Өсімдік майы өзінің жабысқақтылығымен және төменгі
температурада (-16
0
С дейін) қатаймайтын қасиеттерімен құнды.
Сондықтан, оны машиналардың тез қозғалатын бөліктерін майлауға
пайдаланады. Майкене майы соңғы кезде авацияда және космонавтикада
сұранысқа ие. Сонымен қатар, тұқымын ыстықтай сығымдау немесе
еріткіш қосып экстракциялау арқылы майкене майын өндіреді, оны тері
илеу, мақта-мата, лак-бояу, сабын қайнату және өндірістің басқа
салаларында кеңінен пайдаланады, ал суықтай сығымдау арқылы
медицинада қолданылатын кастор майы алынады. Екі тәсілмен алынған
майлардың айырмашылығы, егер майкене майында аздаған мөлшерде
улы зат сақталса, ол кастор майында кездеспейді.
Күнжарасынан казеин желімін алады және тыңайтқыш ретінде
пайдаланады, себебі оның құрамында 7,5% азот болады.
Соңғы жылдары май сығу зауыттарында майкене күнжарасын
залалсыздандырып, малға азық ретінде қолданады. 100 кг күнжарасында
92 азықтық өлшем және 2,6 кг қортырмалы протеин бар.
Жапырағын жібек құрттарын қоректендіруге пайдаланады,
сабағынан арқан, жіп есіледі.
Майкененің отаны – Африка елдері, атап айтқанда Эфиопия
мемлекеті. Оны ертеректе Египетте өсірген, одан Азияға, Америкаға
содан кейін Европаға таралған.
Дүние жүзілік егіс көлемі 1,5 млн гектарға жуық. Ең көп егісі
Индия, Бразилия және Қытайда. ТМД елдерінде Солтүстік Кавказда,
Украинада және Ресейдің Кубань, Ростов облыстарында және Орта
Азияда өсіріледі. Егіс көлемі 100 мың гектарға жуық, ал Қазақстанда
мүлдем жоқтың қасы, тек қана жабайы түрлері кездеседі. Стратегиялық
маңызды дақыл бола тұра, қажетті деңгейде өсірілмеу себебі, тұқымын
387
жинау қиыншылығы, яғни арнайы комбаиндардың болмауы кедергі
болуда.
Тұқымның орташа өнімділігі 8-10 ц/га, ал суармалы жерлерде 15-20
ц/га түсім жинауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |