Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ


Ботаникалық  сипаттамасы  және  биологиялық  ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет397/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   393   394   395   396   397   398   399   400   ...   490
Байланысты:
index (15)

Ботаникалық  сипаттамасы  және  биологиялық  ерекшеліктері. 

Сорттары.

  Майкене  Ricinus  туыстығына,  сүттіген  тұқымдастығына 

жатады.  Тропикалық  және  субтропикалық  белдеулердің  көпжылдық 

өсімдігі,  ал  біздің  елімізде  бір  жылдық  өсімдік  ретінде  өсіріледі,  себебі 

қыстың суығына шыдамайды. 

 

 



 

 

 



 

Майкене  атауы  латынша  «Ricinus»  -  кене  деген  сөзден  шыққан, 

себебі дақыл тұқымының пішіні кене пішініне ұқсас. Кәдімгі майкененің 

бірнеше  түрлері  бар,  олар  майлы  (касторник),  дәрілік  (рицина)  және 

жабайы рай ағашы. 

Кәдімгі 


майкене 

төрт 


түртармаққа 

бөлінеді: 

қан-қызыл, 

маньчжуриялық,  занзибарлық  және  персиялық.  ТМД  елдерінде 

персиялық және қан-қызыл түртармақтары таралған. 

Майкене  өсімдігі  –  кіндік  тамырлы,  тамыр  жүйесі  жақсы  жетілген, 

топырақтың  3-4  м  тереңдігіне  және  жан-жағына  1,5-2  м  жайылып 

тарайды.  Сабағы  тік,  ортасы  қуыс,  күшті  бұтақтанған,  биіктігі  1-3  м 

 

Сурет  40.  Майкене.  1,  2  -  өсімдіктің  егін  көгі  және  гүлдеуі;  3  –  сабақ 



бөлігі мен жапырақтары және гүлшоғыры; 4 – аталық гүл; 5 – аналық гүл; 6, 7 

– майкененің ал-қызыл жемісі мен тұқымы; 8, 9 – парсы май кенесінің жемісі 

мен тұқымы. 



 

388 


жетеді,  ал  көпжылдық  жабайы  түрлері  10  м  дейін  барады.  Сабағының 

түсі  жасыл  немесе  қызыл-қоңыр.  Жапырақтары  ірі,  ұзын  сағақты, 

ұзыннан  тілінген  7-11  бөліктерден  тұрады.  Негізгі  сабақта  5-20 

аралығында  ірі  жапырақтар  болады,  сағағының  ұзындығы  20-60  см. 

Жапырақтары  кездесіп  орналасады,  алақаны  тықыр,  қалқан  тәрізді,  ені 

30-80 см. 

Гүл  шоғыры  –  шашақгүл  ұзындығы  60-80  см.  Бір  өсімдікте  2-12 

дейін  гүлшоғырлар  болады.  Шашақгүлдің  жоғарғы  жағында  аналық 

гүлдер, ал төменгі бөлігінде аталық гүлдері жиналған. Біздің елімізде бір 

өсімдікте  тек  қана  3-5  шашақгүл  ғана  пісіп  жетіледі,  ал  отанында  100-

150 дейін піседі. 

Әрбір шашақгүлдерде 50-200 дана гүлдер бар. Гүлдері ұсақ, жай бес 

ескекті гүл серігінен тұрады, дара жынысты. Аталық гүлдерде аталықтар 

көп,  ал  аналық  –  үш  ұялы  жатын,  үш  қос  ескекті  тозаңдардан  тұрады. 

Майкене-  айқас  тозаңданатын  өсімдік.  Жемісі  –  үш  ұялы  шар  тәріздес 

қауашақ,  әрбір  ұяда  бір-бірден  тұқым  орналасады.  Сырты  тегіс,  кейде 

тікенді.  Алдымен  орталық  шашақгүлдегі  қауашақтар  піседі,  содан  соң 

бүйіріндегілері,  піскен  кезде  қан-қызыл  түртармақтың  қауашақтары 

жарылып  тұқымдары  шашылады,  ал  персиялық  түр-тармақ  қауашағы 

жарылмайды.  Тұқымы  –  сопақша  жұмыртқа  пішінді,  қабығы  әлсіз. 

Тұқымның  сырты  ала,  түсі  сұрдан  –  қара  қоңырға  дейін.  1000  тұқым 

салмағы 200-500 г. 

Майкене  –  жылу  сүйгіш  өсімдік.  Тұқымы  12-13

0

С  өне  бастайды, 



көгі жаппай 16-18

0

С пайда болады. өсіп-жетілуіне қолайлы температура 



25-30

0

С.  Өсімдік  барлық  өсу  кезеңдерінде  аз  уақыттағы  үсіктерден  (-



2

0

С) зардап шегеді. 



Вегетация  кезеңінің  ұзақтығы  110-150  күн  және  өсу  дәуіріндегі 

қажетті  белсенді  температуралар  жиынтығы  (10

0

С  жоғары)  –  2500-



3200

0

С тең. 



Ылғалға  талабы  жоғары.  Жоғары  өнімді  ылғалды  жылдары  немесе 

суармалы жерлерде береді. Қуаңшыл жылдары өсімдіктің жапырақтары 

түсіп,  гүлдері  мен  қауашақтары  жетілмейді.  Ылғалдың  жетіспеуі 

өнімділікпен май шығымдылығына да кері әсерін тигізеді. 

Жарық  сүйгіш  өсімдік.  Топырақ  құнарлылығына  қатаң  талаптар 

қояды. Ең жақсы топырақ типтері – қоректік заттарға бай қара және сұр 

топырақты  жерлер.  Топырақ  ертіндісінің  қолайлы  реакциясы  6,0-7,3. 

Майкене үшін қолайсыз ауыр сазды, бастапқы және тұзданған жерлер. 

Сорттары:  Донская  крупнокистная,  ВНИИМК  165  улучшенная, 

Херсонская 10, Краснодарская 3, Хортицская және т.б. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   393   394   395   396   397   398   399   400   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет