Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет392/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   388   389   390   391   392   393   394   395   ...   490
Байланысты:
index (15)

Морфологиялық 

сипаттамасы 

және 

биологиялық 

ерекшеліктері.  Сорттары.

  Күнжіт  (Sesamum  indicum  L.)  –  Күнжіт 




 

382 


тұқымдасына (Pedaliaceae) жататын біржылдық  өсімдік. Кіндіктамырлы, 

топырақтың  1  м  тереңдігіне  дейін  бойлайды.  Сабағы  –  тік  төрт  немесе 

сегіз қырлы, биіктігі 1,5 м дейін, жұмсақ түктері бар. 

Жапырағы  –  сағақты,  кезектесіп  немесе  супротивті  орналасқан, 

алақандары  түкті.  Жапырақтарының    пішіні  сабақта  орналасуына 

байланысты. Бір сорттарда барлық жапырақтар бүтін, төмендегілері- ірі 

және  жалпақ,  жоғарыға  қарай  майдалау;  басқа  біреулерінде  – 

төменгілері  тілінген,  жоғарғылары  –  бүтін,  жіңішке,  ланцет  тәрізді. 

Гүлдері  –  1-3-тен  жапырақ  бауырында  орналасқан.  Күлтесінің  түсі  –  ақ 

және алқызылдан-күлгін дейін. Тостағанша мен күлтелері түктенген. 

 

 

Күнжіт  өздігінен  тозаңданатын  дақыл,  кейде  аралардың  көптігімен 



айқас тозаңдануы да мүмкін. 

Жемісі  –  созыңқы  түкті  қауашақ,  екі  немесе  төрт  жеміс 

жапырақшаларынан  тұрады.  Бір  өсімдікте  100-150  қауашақ  болады. 

Піскен кезде қауашақ жарылады, әрбір қауашақта 70-80 дана тұқым бар.  

 

Сурет  38.  Күнжіт.  1,  2  -  өсімдіктің  гүлдеу  кезеңі  –  көктеуі  мен  жемістің 



қалыптасуы;  3  –  сабақ  пен  жапырақтарының  кескіні,  гүл  шоғыры,  гүлдері  және 

жемістері; 4 – сабақпен пісіп-жетілген жемістерінің кескіні; 5 – жемісі; 6 – тұқым 

(төменде тұқымның қалыпты жүйесі) 



 

383 


Тұқымдары  ұсақ,  жалпақ,  түсі-ақ,  сұр,  қоңыр  немесе  қара.  1000 

тұқым массасы 3-5 г. 

Күнжіт  –  жылу  және  жарық  сүйгіш  қысқа  күн  өсімдік.  Оның 

тұқымы  15-16

0

С  өне  бастайды  және  0,5-1,0



0

С  үсікті  көтере  алмай, 

өсімдік  көгі  өледі.  Өсіп-дамуына  байланысты  қолайлы  орташа 

температура  25-30

0

С.  Егер  ауа  температурасы  12-15



0

С  дейін  төмендесе 

өсімдік өсуін тоқтатады. 

Ылғал  мен  қоректік  заттарға  үлкен  талаптар  қояды.  Өсіп-жетілуіне 

қолайлы  топырақ  типтеріне-қара  жеңіл  саздақты  және  құмдауыт 

топырақтар.  Өсімдік  көгі  шыққаннан  кейінгі  бастапқы  өсу  кезеңінде 

баяу өседі, ал гүлдеу алдында өсуі шапшаңдайды. 

Өсу  жағдайына  және  сортына  байланысты  күнжіттің  вегетация 

кезеңінің ұзақтығы 90-120 күнге созылады. 

Оңтүстік  қазақстан  облысында  күнжіттің  Ташкентский  122  сорты 

аудандастырылған. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   388   389   390   391   392   393   394   395   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет