Мақсарыны жинау.
Мақсары тұқымын толық піскенде астық
комбайндарымен тікелей орып бастырады. Мақсары тұқымдары біркелкі
піседі және шашылмайды, сондықтан оны кешірек те жинауға болады.
АРЫШ
Арыш тұқымында 40-60 % дейін кебетін май бар, ол негізінен
техникалық мақсатқа – лак пен сыр, сабын қайнату т.б. өнеркәсіп
салаларында – пайдаланылады. Тағамдық сапасы күнбағыс, зығыр
майларынан анағұрлым төмен, сондықтан аз қолданылады. Арыш
күнжарасы – құнарландырылған мал азығы, оның 100 кг қоректілігі
жағынан 115 азықтық өлшемге тең, алайда малға көп беруге болмайды,
өйткені оның құрамында улы зат – гликозид – болады. Сонымен қатар
арыштың
басқа
майлы
дақылдарға
қарағанда
айтарлықтай
артықшылықтары да бар: ерте және біркелкі піседі. Сақтандыру және
шабылмалы дақылдар ретінде пайдалануға да болады. Бұл сапасы
арышты вегетация кезеңі қысқа Солтүстік Қазақстан жағдайында өсіруге
мүмкіндік береді. Ол Шығыс Қазақстан облысында кеңірек тараған,
орташа тұқым өнімі 10-12 ц/га дейін жетеді.
Арыш өсірілетін аймақтардың шаруашылықтарында арыштың екі
түрі өсіріледі – күздік және жаздық формалары. Егістікте жаздық арыш
кеңірек тараған.
Жаздық немесе егістік арыш (Camelina sativa) қырыққабат
тұқымдасына жатады. Бұл кіндік тамыр жүйесі бар бір жылдық
шөптесін өсімдік, жіңішке бұтақты, биіктігі 50-60 см. Жапырақтары –
қарапайым, сағақты, қатты және қысқа түктермен қапталған. Гүл
380
шоғыры – шоқгүл. Гүлдері ұсақ, өңсіз – сары түсті. Жемісі – алмұрт
пішінді бұршаққын, піскенде жарылып кетеді. Тұқымдары ұсақ (1,5-2,0
мм), ұзынша-сопақ, қызыл-күрең түсті, ылғалданғанда жылпылдағыш
болып келеді. 1000 тұқымның массасы – 1,0-1,5 г (Сурет 37).
Сурет 37. Арыш
Достарыңызбен бөлісу: |