КҮНЖІТ
Халық шаруашылығындағы маңызы, таралуы, өнімі
.
Маңызы,
өсірілетін аудандары және өнімділігі. Күнжіт тұқымында майдың
мөлшері 50-65% болғандықтан жоғары майлы дақылдар арасында
бірінші орын алады.
Күнжіт майы – жартылай кебетін өсімдік майлары тобына жатады,
иодтық саны 103-112. Салқын сығымдау арқылы алынған күнжіт майы
өзінің жоғары дәмділік қасиеттерімен ерекшеленеді және зәйтүн
майынан кем түспейді. Оны тағамға, кондитер және консерві
өндірісінде, медицинада пайдаланылады, ал ыстық сығымдау арқылы
алынған майын техникалық мақсаттарда қолданады. Дақылдың бүтін
тұқымын конфет және шығыс тәтті тағамдарын жасауда, қабығы
тазаланған және ұнтақталған дәндерінен халва дайындалады.
Салқын сығымдаудан кейін алынған күнжіт күнжарасында 8% май
және 40% жуық ақуыз болады. Оны кондитер өнеркәсібінде
пайдаланылады, ал ыстық сығымдау арқылы алынған күнжарасы –
малға жақсы құрама жем. 100 кг күнжарасында 132 азықтық өлшем бар.
Күнжіт – Азия мен африка елдерінде белгілі болған көне дақылдар
қатарына жатады. Негізгі өсірілетін аудандары – Үнді, Қытай, Бирма
мемлекеттері. ТМД елдерінде күнжіттің егіс көлемі шағын. Негізгі
егістері Өзбекстан, Түркіменстан мен Тәжікстанда орналасқан. Біздің
республикада Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік аудандарында
аздаған көлемді жерлерде өсіреді. Тәлімі жерлердегі күнжіт дәнінің
өнімділігі 10-12 ц/га, ал суармалы егіншілікте- 18-20 ц/га өнім береді.
Достарыңызбен бөлісу: |