ластанған алғы дақылдан кейін – таза сүр жер, сүріден кейінгі екінші
381
өсімдік ретінде арыш топырақтың тыңғылықты өңделгенін қалайды,
топырақты тығыздау жүргізіледі.
Жаздық арыш ерте себілетін дақыл болғанымен біздің аймақ
жағдайында ең қолайлы себу мезгілі 15-20 мамыр болып табылады. Ерте
себілгенде арыштың көктеуі кешігеді де егін көгі арамшөппен
тұншықтырады. Оған қоса, өсіп-даму кезеңі қысқа болғандықтан арыш
салыстырмалы кеш себілгенде де пісіп үлгереді. Шөп себетін
сепкіштермен жаппай қатардағы әдіспен сепкен дұрыс. Себу мөлшері –
6-8 кг/га (4-5 млн/га өнгіш тұқым), тұқым сіңіру тереңдігі 2-3 см.
Егістікті баптап-күту себілгеннен кейін топырақ тығыздау (әсіресе
топырақтың беткі қабаты кеуіп кеткенде), зиянкестерге қарсы күрес
жұмыстарын біріктіреді.
Арыш біркелкі піседі және механикалық әдіспен жинауға
жарамды. Төменгі бұршаққын қоңырлана бастағанда егін жинауға
кіріседі, ал тұқым ылғалдылығы 14-15
0
жеткенде дестелерді жинап
үгітуге кіріседі. Ол үшін қайта жабдықталған астық комбайндарын
пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: