Себу тәсілі.
Мақсарыны тұқымға өсіруде оны кең қатарлы
тәсілмен (45-60 см) себу ұсынылады. Отамалы дақыл ретінде мақсарыны
кең қатармен себу арамшөптермен күресуде тиімді. Ылғалмен
қамтамасыз етілген жерлерде және суармалы егіншілікте дақылды
жаппай қатардағы (15 см ) тәсілмен себуге болады.
Респуликаның оңтүстік шығысында мақсарыны тұқымға екі ізді
таспалы тәсілмен (60х15х15) себу мүмкіндігі қарастырылуда. Дақылды
таспалы тәсілмен себу, кең қатарға қарағанда өнімділікті 10-15%
жоғарылатады.
Достарыңызбен бөлісу: |