Өсіру
технологиясы.
Ауыспалы
егістегі
орны.
Егістік
дақылдардан жоғары және тұрақты өнім жинауды тек қана ғылыми
негіздегі ауыспалы егісті дұрыс пайдалану арқылы ғана жүзеге асыруға
болады. Д.С. Васильев, Н.Г. Потеха (1986) пікірлерінше, жаздық және
күздік астық дақылдары, дәндік және сүрлемдік жүгері мақсарыға жақсы
алғы дақыл болып табылады. Я.Н. Момот (1956) тәжірибе деректеріне
сүйене отыра, мақсары оңтүстіктің ыстығына және қуаңшылығына
төзімді дақыл болғандықтан алғы егіс таңдамайды деп есептейді,
сондықтан оны әртүрлі алғы дақылдардан кейін орналасыра беруге
болады. Алайда, ауыспалы егісте астық дақылдарынан кейін өсіру
тиімді, кейбір жағдайда монодақыл есебінде бір орында бірнеше жыл
өсірілуі мүмкін. Ван Жау Му (1993) ұйғарымынша, мақсарыға жақсы
алғы дақылдар – бұршақ, картоп, жүгері және бидай. Мақсарының өзі де
астық дақылдарына жақсы алғы егіс болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |