Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет363/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   359   360   361   362   363   364   365   366   ...   490
Байланысты:
index (15)

Егістікті  күтіп-баптау

Үрмебұршақ  кеш  себілетін  дақыл 

болғандықтан  себу  мезгілінде  топырақ  көп  жағдайда  кебірсіп  кетеді, 

сондықтан  ең  алғашқы  баптау  шарасына  топырақты  тығыздау  және 

онымен  бірге  жеңіл  тырмалармен  тырмалау  жатады.  Тырмалау  кезінде 

топырақ  беті  арамшөптер  өскіндерінен  тазартылуымен  қатар  пайда 

болған  қабыршақтар  ұсақталады..  Бірінші  тырмалау  танап  диагоналі 

бойымен  сепкеннен  3-4  күннен  кейін  жүргізіледі.  Екінші  тырмалау 

тұқым  жарнақтары    шыққаннан  кейін  себу  қатарларына    көлденең,  күн 

қызып өсімдіктердің  тургоры нашарлаған кезде жүргізіледі. 

 

Өсімдіктер 



қатараралықтарда 

қабысып 


кеткенге 

дейін 


қатараралықтарды  өңдейді  және  өсімдіктерді  үстеп  қоректендіреді. 

Бірінші қатараралық өңдеу  егістік көктегеннен кейін 5-6 см тереңдікке, 

топырақтың тығыздылығына қарай екінші қатараралық өңдеу 7-8 см-ге, 

ал  соңғы  өңдеу  өсімдіктер  қатараралықтарда    қабысып  кетер  алдында 

жүргізіледі. Қатараралық өңдеу кезінде үстеме қорек беріледі. 

 

Біржылдық  қосжарнақты  және  қоңырбас  тұқымдас  арамшөптерге 



қарсы  50%-дық  прометрин  (3  кг/га)  гербицидімен  үрмебұршақ  көгі 

шықпай  тұрып  егістік  жерді  бүркеді.  Көктемгі  ылғал  аз  жылдары 

прометрин мен  линуронды  1,0-1,5  кг/га  ә.е.з.  мөлшерінде  себу  алдында 

қолданған жақсы нәтиже береді, арамшөптердің 60-80%-ына дейін опат 

болады.  Вегетация  кезінде  зиянкестерге    (кене,  жемір,  көбелек  және 



 

356 


басқалары)  қарсы  25%-дық  циткор  (0,32кг/га)  немесе  27%-дық  омайт 

(1,3л/га) қолданылады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   359   360   361   362   363   364   365   366   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет