Тыңайтқыштар қолдану
.
1ц тұқым өнімі мен соған сәйкес жер
үсті массасын түзу үшін үрмебұршаққа 5-6 кг азот, 4-5 кг калий, 1,2-2 кг
фосфор қажет. Үрмебұршақтың атмосфера азотын байланысқан түрге
айналдыру мүмкіншілігі басқа дәнді бұршақ дақылдарына қарағанда
төмен, сондықтан топыраққа 45-90 кг азот жақсы нәтиже береді.
Негізінде азоттың қажетті мөлшерінің 50%-ын берген дұрыс.
Үрмебұршақ органикалық тыңайтқыштардың алғы дақылға
енгізгенін қалайды, үрмебұршақ себілетін танапқа күзде көңнің аздаған
мөлшерін (10-15 т/га) енгізген жақсы нәтиже береді.Фосфор және калий
тыңайтқыштары сүдігер жыртылардың алдында, әрқайсысынан 45-60
кг/га ә.е.з. мөлшерінде енгізіледі. Бұл тыңайтқыштар өнімділікті
жоғарылатумен қатар дақылдың пісу мерзімін жылдамдатады. Тұқым
сепкен кезде себу қатарына түйіршік суперфосфатты гектарына 10-15
кг. ә.е.з. мөлшерінде тұқыммен бірге топыраққа енгізеді.
Бастапқы
кезеңде
өсімдіктердің
өсіп-дамуына
азот
жетіспейтіндіктен көктемгі қопсытуда 1 гектарға 15-20 кг ә.е.з.
мөлшерінде азот тыңайтқышы қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |