Өсіру технологиясы
. Ауыспалы егістегі орны.
Үрмебұршақтың
басқа дәнді бұршақ дақылдарына қарағанда топырақ құнарлығына және
құрылымына қоятын талабы жоғары.Үрмебұршақты арамшөптерден
таза танаптарда өсіру жоғары және сапалы өнім алудың бірден бір
кепілі. Отамалы дақыл болғандықтан, ауыспалы егісте күздіктер, қант
қызылшасы, картоп және тағы басқалардан кейін, отамалы танапта
орналасады. Ортақ аурулары болғандықтан үрмебұршақты күнбағыстан
кейін
орналастырмауға
тырысу
керек.
Солтүстік
аймақтарда
үрмебұршақ үшін картоп жақсы алғы дақыл.
Жаздық астық дақылдарынан, темекі және қарақұмықтан кейін
өнім деңгейі төмен болады. Жазы ұзақ және ылғалы жеткілікті
аудандарда үрмебұршақтың ерте пісетін сорттарын сүрі жер дақылы
және аңыздық аралық дақыл ретінде өсіруге болады. Үрмебұршақ кейде
опат болған күздіктердің орнына себіледі. Бір танапқа 4-5 жылдан ерте
қайтадан себілетін болса вирустық ауруларға шалдығады.
Үрмебұршақ жылу сүйгіш дақыл болғандықтан, кеш себіледі,
оның себілетін топырағын өңдеу жүйесі де кеш себілетін жаздықтарға
ұқсас.
Достарыңызбен бөлісу: |