351
қопсытқыштарымен жүргізіледі. Дақыл гүлдегенге дейін егіс
қопсытылып тұрады.
Қосжарнақты арамшөптермен күресу үшін қопсытумен бірге 48%-
дық
базагран
(2л/га)
гербициді
пайдаланылады.
Майбұршақ
бізтұмсығына қарсы вегетация кезінде 25%-дық циткор (0,32 л/га),
немесе 27%-дық омайт (1,3л/га) қолданылады. Ылғал жеткілікті
болғанда майбұршақты түптеу (өсімдік сабағының түбін көму), сондай
ақ азот және фосфор тыңайтқыштарымен (әрқайсысынан 30 кг/га ә.е.з.
мөлшерінде) қоректендіру өте тиімді.
Суару.
Құрғақшылық аймақтарда суаруды пайдалану өте тиімді,
өнімділік екі есеге дейін көтеріледі. Майбұршақты оңтайлы ылғалмен
қамтамасыз ету ережесі: гүлдегенге дейін топырақтың 50-70 см
қабатында ылғалдылықты ең төменгі ылғалсиымдылықтың 70%
деңгейінде ұстап тұру, ал гүлдену – тұқым толысу кезінде - 80%.
Майбұршақтың ылғалды ең көп қажет ететін мерзімі гүлдену,
бұршаққап пайда болу және тұқымның толысуы кезеңдеріне сәйкес
келеді.
Майбұршақты 3-5 рет суарады. Суару мөлшері 300-400 - ден 500-
600 м
3
/га. Негізінде Фрегат, Днепр,Волжанка, ДДА-100МА ж.б.
агрегаттармен жаңбырлатып суару тәсілі қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: