Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет351/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   347   348   349   350   351   352   353   354   ...   490
Байланысты:
index (15)

Биологиясы

Майбұршақ  -  жылу  сүйгіш  өсімдік.  Ең  төменгі  өну 

температурасы  6°С, оңтайлы өнуіне 14-18°С қажет. 

Сурет  29.  Майбұршақ.  1  –  алғашқы  үштік  жапырақ  кезеңіндегі  өсімдік:  а  – 

тұқым жарнақтары,  б – примордиалды жапырақ-тар, в – алғашқы үштік жапырақ; 2 – 

гүл-дену-жеміссалу  кезеңіндегі  өсімдік  түрі;          3  –  жапырақтары  және  гүлдерімен 

сабақтың бір бөлігі; 4 – тұқымдары; 5 – піскен бұршаққаптары.  

 

 




 

348 


Температура  майбұршақ  түқымының  өну  жылдамдығын  өзгертеді, 

ол  вегетативтік  мүшелерінің  өсуі  мен  өсімдік  массасының  жинақталу 

уақытына  да  әсер  етеді.  Өсімдіктің  өсу  жылдамдығы  температураның 

өсуіне  тікелей  байланысты  (ылғал  жеткілікті  болғанда).  Орташа 

тәуліктік  температураның  25-26°С  төмен  болуы  гүлдену  кезеңінде  бұл 

үрдісті  кешеуілдетеді.  Майбұршақтың  өсіп-дамуына  қажетті  оңтайлы 

температура - 20-25°С. Егін көгі көктемгі қысқа мерзімді бозқырауды (- 

1-2,5°С)  жеңіл  көтереді,  алайда  ондай  жағдайда  өсуі  баяулайды.  Күзгі 

бозқырау,  гүлдену  және  тұқымның  толысу  кезеңдерінде,  майбұршақты 

құртып жіберуі мүмкін. 

Бұрынырақта  майбұршақты  өсіп-жетілу  кезіндегі  белсенді 

температура  жиынтығы  2500-3700°С  болғанда  және  атмосфералық 

жауын-шашын  300  мм  түсетін  аудандарда  ғана  өсіруге  болады  деп 

есептелген. Алайда соңғы жылдары селекционерлер майбұршақтың ерте 

пісетін  сорттарын  шығарды,  олар  вегетациялық  кезеңдегі  белсенді 

температура  жиынтығы  жоғарыдағы  деңгейден  айтарлықтай  төмен 

болғанда  да  толыққанды  тұқым  өнімін  бере  алады.  Ультраерте  пісетін 

майбұршақ сорттарына белсенді температура жиынтығы 1700-2000°С-ға 

тең (орташа тәуліктік тсмпература 16-17°С-дан кем болмағанда). 

Ылғалға  талаптары. 

Жер  үсті  массасы  баяу  өскенде  және  тамыр 

жүйесі  қуатты  дамығанда  майбұршақ  алғашқы  өсіп-даму  кезеңінде 

ылғал  жетімсіздігіне  жақсы  шыдайды.  Майбұршақтың  ылғалға  қиын-

қыстау  кезеңі  репродуктивтік  мүшелерінің  қалыптасу  және  даму 

кезеңдеріне  (гүлдену,  жеміссалу,  тұқымның  толыса  бастаған  уақыты) 

сәйкес  келетіні  анықталған.  Сондықтан  тұқым  өніміне  бәрінен  бұрын 

ылғалдылық әсер етеді, дегенмен майбұршақ кең ауқымды ылғалдылық 

өзгерісіне  төзімді  дақыл  қатарына  жатқызылады  және  ол  айтарлықтай 

тұрақты өнім береді. Майбұршақ егістігінің жалпы су пайдалануы өсіру 

орны  мен  өсіру  жағдайларына  байланысты  3000-нан  5500  м

3

/га  дейін, 



супайдалану  коэффициенті  150-ден  300  м

3

/ц  дейін  өзгереді.  Оның 



транспирациялық коэффициенті 370-700 аралығында. 

Жарыққа  талаптары. 

Майбұршақ  қысқа  күннің  жарық  сүйгіш 

өсімдігі, алайда ерте пісетін сорттары оның ұзаруына әлсіз жауап береді. 

Есею  кезеңіне  дейінгі  күннің  ұзақтығы  (жарық  кезеңі) 

майбұршақтың  гүлденуі  мен  вегетациялық  кезеңнің  ұзақтығына  әсер 

етеді. Түннің ұзақтығы (қараңғылық кезең) - гүлденуді тездететін қиын-

қыстау  кезең.  Бүл  параметр  сортқа  байланысты  өзгереді.  Күннің 

ұзақтығы өсімдіктің биіктігіне, жапырақ беті ауданы мен тұқым өніміне 

де әсер етеді. Гүлденудің күннің ұзақтығына тәуелділігі температурамен 

модификацияланады  (реттеледі).  Ұзақ  жарық  және  жылы  күндер 

(фотосинтез  үшін  оңтайлы)  әдетте  жоғары  өнімділікпен  тікелей 

байланысты. 



Топыракқа  талаптары. 

Майбұршақ  кезкелген  топырақ  түрлеріне 

өсе  алады,  тек  қана  өте  қышқыл  орта  болмасын  және  жақсы  аэрация 

қамтамасыз етілсе болды. Ол ұзақ уақыт субасуды 3 тәуліктен жоғары), 




 

349 


0,05  %-дан  артық  тұздануды  және  рН=5,5-тан  (аздап  қышқыл  орта) 

төмен  қышқылдықты  көтере  алмайды.  Майбұршақ  жақсы  тұқым 

өнімінің  құнарлығы  жоғары,  органикалық  заттарға  бай  топырақтарда 

ғана  қамтамасыз  етеді.  Топырақтың  оңтайлы  құрылымы  және  жақсы 

аэрациясы  мен  көлем  массасы  1,10-1,25  г/см

3

  болғанда,  майбұршақтың 



тамыр  жүйесі  қалыпты  дамиды  да  жоғары  тұқым  өнімін 

қалыптастырады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   347   348   349   350   351   352   353   354   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет