Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет348/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   344   345   346   347   348   349   350   351   ...   490
Байланысты:
index (15)

 

МАЙБҰРШАҚ 

 

Халық  шаруашылығындағы  маңызы



Майбұршақ  —  ертеден 

өсіріліп  келе  жатқан  дақыл  және  ол  дүниежүзілік  маңызы  бар  басты 

мәдени  өсімдіктер  қатарына  жатады.  Майбұршақты  жиі  түрде 

таңғажайып  өсімдік  деп  атайды,  себебі  тұқымның  құрамында  жоғары 

мөлшерде ақуыз - 33-тен 45%-ға дейін, 20-дан 25,7 %-ға дейін май (оның 

кұрамында  холестеролдың  болмайтынын  атап  өткен  жөн)  және  25-21%

 

көмірсулары бар (углеводтар) бар. 

Майбұршақтың  ақуызы  (белогі)  амин  қышқылдарымен  (өте  аз 

мөлшердегі 

метионин 

мен 


цистиннен 

басқаларымеи) 

жақсы 

теңдестірілген.  Ол  жоғары  сіңімділігімен,  суда  жақсы  ерігіштігмен 



ерекшеленеді.  Майбұршақтың  құрамына  фитин  мен  сапонин, 

дәрумендер мен минералды тұздар кіреді. Күлінде көп мөлшерде калий, 

фосфор мен известь, майда еритін А, Д,, Е және С дәрумендері болады, 

ал  В


2

  дәрумені  бидай  дәніндегіден  6  есе  көп.  Мұндай  құрам 

майбұршақты  тағамдық,  техникалық  және  мал  азықтық  өсімдік  ретінде 

пайдалануға  мүмкіндік  береді.  Оның  тұқымдарынан  250-ге  дейін  ас 

түрін  және  әртүрлі  өнімдер  дайындалады.  Майбұршақты  диетикалық 

тағам  ретінде  диабетпен  ауыратын  адамдарға  ұсынылады.  Майбұршақ 

пен оның өнімдері шығысазиялық (әсіресе жапон және қытайлық) және 

вегетариандық кухняларда кеңінен қолданылады. 

Майбұршақ  майы  дүниежүзілік  өсімдік  майлары  өндірісінде 

алғашқылардың  бірі  болып  табылады.  Ол  тағамға,  тігін  өнеркәсібінде, 

сабын қайнатуға, клеенка шығаруда, линолеум, пластмасс өндірістерінде 

пайдаланылады.  Рафинадталған  майбұршақ  майы  тікелей  асқа 

пайдаланылады,  маргарин  мен  майонез  алуға,  сонымен  бірге 

фармацептикалық препараттар кұрамында қолданылады. Оны смола мен 

пластмасса, сыр мен лак, желім, тығыздағыш кұрамдар, дезинфекциялық 

құралдар,  инсектицидтер,  матаға  сіңіргіш,  сабын  және  басқа  өнімдер 

шығаруға қолданады. 

Майбұршақ  -  бағалы  мал  азықтық  дақыл.  Мал  азықтық  мақсатқа 

күнжарасы,  шроты,  майбүршақ  үнын,  жасыл  массасын  пайдаланады. 

Күнжарасы  мен  шроты  маңызы  бойынша  майынан  да  бағалы.  Оның 

құрамында 60 % дейін белок (құрғақ затқа есептегенде) болады және он 

жоғары  белокты  концентрат  болып  табылады,  өйткені  ол  жануарлар 

рационын  сіңімді  протеинмен  теңдестіреді.  1  тонна  майбұршақ  белок 



 

346 


пен  амин  қышқылдары  құрамы  бойынша  10  тонна  құрама  жемді 

теңдестіреді.  Майбұршақтың  100  кг  жасыл  массасында  21  а.о.  және  3,5 

қорытылатын  протеин  болады.  Онымен  жануарларды  жас  күйінде, 

көмірсулы  мал  азықтарымен  араластырып  сүрлем  немесе  шөп  ұны 

түрінде  азықтандыруға  болады.  Сабанын  қойларға  мал  азығы  ретінде 

пайдаланады. 

Майбұршақ  бұршақ  дақылы  ретінде  топырақты  азотпен  байытады. 

Оның  егінін  жинағаннан  кейін  1  га  танапта  70-80  кг  сіңімді  азот 

жинақталады.  Отамалы  дақыл  ретінде  -  (жақсы  күтім  болғанда) 

майбұршақ танапты арамшөптерден таза қалдырады және көптеген екпе 

дақылдарға бағалы алғы дақыл болып табылады. Оны сидерат ретінде де 

пайдалануға болады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   344   345   346   347   348   349   350   351   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет