Ботаникалық сипаттамасы мен морфологиясы.
Атбас бұршақ
(Vicia faba) екі түр тармағын біріктіреді - Vicia faba Pancijuga және
Vicia faba Eu-Faba. Соңғысы кең тараған және үш түршеге ажыратылады
(ірі тұқымды, орташа іріліктегі, ұсақ тұқымды атбас бұршақ). Атбас
бұршақ біржылдық өсімдік, сабағы тік өседі, биіктігі сорты мен өсіру
жағдайларына байланысты 50-ден 200 см-ге дейін. Тамыр жүйесі
қуатты, кіндікті, жақсы тарамдалған, топыраққа 80-150 см тереңдікке
дейін бойлап өседі. Жапырақтары қосқауырсынды, ірі, етті келеді,
жапырақ серігі ара тісті. Гүл шоғыры – шоқгүл, гүлдері ірі, күлтеше
жапырақшалары ақ немесе қызғылт түсті, негізінен өздігінен
тозаңданатын өсімдік. Жемісі бұршаққап, ірі, ұзындығы 25-35 см-ге
дейін жетеді. Тұқымдары 0,4-0,5 см, ірі, 1000 санының массасы 200-ден
550 г-ға дейін, қоңыр-күлгін, қызғылт-қоңыр, ашық-сары (Сурет 28).
343
Сурет 28. Атбас бұршақ: 1, 2 – егін көгі және гүлдену кезеңдеріндегі
өсімдіктер; 3 – сабақтың жоғарғы бөлігі; 4 – жемістері; 5 – тұқымдары.
Достарыңызбен бөлісу: |