Егістікті күтіп – баптау
.
Тұқым себілгеннен кейін танапты
тығыздайды. Жасымық көгі шыққанға дейін және көктеп шыққаннан соң
өсімдік биіктігі 6-7 см болғанда, себу бағытына көлденең егістікті
тырмалайды. Арамшөптермен күресуде гезагард 50 (3-4 кг/га)
гербицидін қолданған жақсы нәтиже береді. Құрғақшылық жылдары
гербицидті себер алдында енгізген жөн, ал ылғалды жылдары дақылдың
көктеуіне 2-3 күн қалғанда. Қолданылатын құралға байланысты
гербицидтің гектарлық мөлшері 100-400 л суға ерітіліп шашылады.
Сиыржоңышқа жасымық астығының сапасын түсіріп жібереді,
сондықтан оны отап алып тастау маңызды шара болып есептеледі.
Дақыл гүлдеген кезде жалпақ дәнді сиыржоңышқа гүлдері күлгін
түсімен жасымықтан жақсы ажыратылады, оны сол кезде жою керек.
Жасымық егістігінде зиянкестер (бізтұмсық, кенелер ж.т.т.) пайда
болса хлорофос, фосфомид инсектицидтерімен өңделеді.
342
Достарыңызбен бөлісу: |