Морфологиялық
сипаттамасы
және
биологиялық
ерекшеліктері
.
Мәдени жасымық (Ervum lens L. Ytvtct Lens esculenta
Moench)- біржылдық бұршақты өсімдік. Ол кіндік тамырла, сабағы
төртқырлы, бұтақтанады, биіктігі 60 см жуық, жатып қалуға бейім.
Қосқауырсын жапырақты, ұшы мұртшамен аяқталады. Гүл шоғыры - 1-4
гүлді шашақгүл. Гүлдері – ақ, ашық – көк, ашық- көгілдір түсті. Жемісі -
1-3 дәнді ромб тәріздес бұршаққап. Дәні- линза тәрізді, диаметрі 3-9 мм
(Сурет 27).
Жасымықтың екі түр тармағы бар:
-ірі тұқымды немесе тәрелке тәрізді (ssp.macrosperma Bar);
-ұсақ тұқымды (ssp. microsperma).
Ірі тұқымды жасымықтың сабағының ұзындығы 70 см дейін,
бұршаққабы үлкен, тұқымының диаметрі 6-9 мм, жасыл немесе теңбіл
түсті, 1000 санының массасы 50-65 г. (вегетациялық кезеңі 80-120 күн).
Ұсақ тұқымдарының сабағы -35-40 см, бұршаққабы кішірек, тұқымының
диаметрі 3-6 мм, әртүсті, 1000 тұқымының массасы 25-30 г
(вегетациялық кезеңі 65-70 күн). Ұсақ тұқымды түр тармағы
құрғақшылыққа төзімдірек.
340
Сурет 27. Жасымық
Ірі тұқымды жасымық негізінен тағамдық, ал ұсақ тұқымдылары –
малазықтық мақсатқа пайдаланылады.
Жасымық - өздігінен тозаңданатын ұзақ күннің өсімдігі. Жылуды
асбұршақтан көп қажет етеді. 4-5ºC өнеді, егін көгі - 3ºC дейінгі үсікке
шыдайды. Тұқымның пісу кезеіндегі оңтайлы температура - 19-20 ºC.
Ылғалды көп қажет етеді, бірақ оның құрғақшылық пен ыстыққа
төзімділігі асбұршақтан асып түседі.
Жасымық құнарлығы жеткілікті, әрі мол, құмбалшықты және
құмдауытты қара топырақтарда мол өнім береді. Батпақты, қышқыл
және сортаңдау топырақтар оған жарамсыз.
Жасымықтың Петровская 4/105, Днепровская 3 және Таджикская 95
сорттары белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: |