Өсіру технологиясы.
Атбас бұршақтың өсіру технологиясы
айтарлықтай күрделі емес, Ол ауыспалы егісте алғы дақылға жоғары
талап қоймайды, ол көптеген дақылдарға жақсы алғы дақыл болып
табылады. Ауыспалы егісте атбас бұршақты сүрі жерде өсірілген
бидайдан, күздік және жаздық дақылдардан кейін орналастырады,
сонымен қатар отамалы дақылдардан соң (картоп, жүгері сүрлемге,
тамыржемістілер) да өсіруге болады. Атбас бұршаққа топырақ терең
өңделеді. Шаруашылықтарда қыс айларында қар тоқтату, көктемде
тырмалау, ал себу алдында топырақты культивациялау ұсынылады
(танаптардың арамшөптермен ластану деңгейіне қарай). Атбас бұршақ
әрбір тонна тұқымы және соған сәйкес жер үсті массасын
қалыптастыруға топырақтан 60-70 кг азот, 15-20 кг фосфор, 40-45 кг
калий, 23-28 кг кальций және 18-22 кг магний шығындайды. Әр гектар
егістікке фосфор калий тыңайтқыштар мөлшерін атбас бұршақтың
бағдарламаланған өніміне есептеп енгізеді: ол үшін топырақтағы сіңімді
қоректік заттардың мөлшерін және олардың өсімдіктермен пайдалану
коэффициентін, тыңайтқыш түрі мен ондағы қоректік заттардың
мөлшері мен өсімдіктердің сіңіру пайызын, бір өлшем өніммен
шығындалатын қоректік заттардың мөлшерін білген абзал.
Симбиотикалық азотфиксациясына қолайлы жағдайлар жасалған
болса, онда атбас бұршаққа азот тыңайтқышын енгізудің қажеті жоқ.
Себу алдында атбас бұршақ тұқымы асбұршақ, ноқат ж.б. дәнді
бұршақ дақылдарына ұқсас тәртіппен дайындалады: іріктейді, дәрілейді,
микротыңайтқыштар және нитрогинмен өңдейді. Атбас бұршақты
астыққа өсіргенде әдетте дәнді астық дақылдарымен қатар ерте көктемде
сепкен дұрыс (мамыр айының бірінші онкүндігінде). Кең қатарлы
тәсілмен де (45 және 60 см), жаппай қатардағы тәсілмен әдеттегі астық
сепкіштермен себуге болады. Кең қатарлы тәсілмен сепкенде әр гектар
егістікке 400-500 мың өнгіш тұқым, ал жаппай қатардағы тәсілде – 600-
700 мың өнгіш тұқым себу қажет. Бұл дақыл тұқым жарнағын жер бетіне
алып шықпайды, сондықтан тұқымдарын тереңірек сіңіруге болады:
жеңіл топырақтарда - 7-8 см, ал ауыр топырақтарда - 4-6 см-ге. Егістікті
күтіп баптауда топырақ қабыршағымен, әсіресе көктеу кезеңінде, күресу
ұсынылады. Егін көгіне дейін және көктегеннен кейін тырмалау
жүргізіледі. Арамшөптермен қатты ластанған алқаптарда гербицидтер
қолданылады: атбас бұршақтың көктеу кезеңінде (өсімдіктердің биіктігі
5-6 см-ге жеткенде) егістік 48%-дық базагранмен (1,5 л/га) бүркіледі.
Кең қатарлы егістікте қатараралық культивация егін көгі шығысымен
(көктеуге дейінгі тырмалауға дейін) бірден жүргізіледі. Бірінші
қатараралық өңдеуді 6-8 см тереңдікте, ал екіншісін 6-7 тәуліктен соң 8-
10 см тереңдікте жүргізген дұрыс және бір мезгілде қатардағы
арамшөптер көгін топырақпен жабу мақсатында қайырмалы табандар
пайдаланылады. Атбас бұршақтың тозаңдануын жақсарту мақсатында
345
егістікке бал араларының ұяларын орналастырады (гектарына кем
дегенде 1-2 ұядан). Егінді жинау алдында атбас бұршақтың пісуін
жеделдету және өсімдіктерді қурату үшін Реглон Супер 15% с.е.
десикантымен (4-5 л/га) алқап бүркіледі (өсімдіктегі бұршаққаптардың
70-80% қоңырланғанда). Атбас бұршақты астыққа жиғанда тікелей орып
бастыруға да (толық пісу кезеңінде) және бөлектеп жинауға да
(балауызданып пісудің ортасында) болады.
Достарыңызбен бөлісу: |