Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет350/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   346   347   348   349   350   351   352   353   ...   490
Байланысты:
index (15)

Ботаникалық 

сипаттамасы. 

Жалпылама 

түрде 

кәдімгі 


майбұршақты жабайы (Glycine Soja), жартылай мәдени (Glycine gracilis) 

және  мәдени  (Glycine  hispida)  түрлерге  ажыратады.  Майбұршақтың 

мәдени түрін 5 түр тармақтарына бөледі: үнді (indica), қытай (chinensis), 



 

347 


манжур  (manchurica),  корей  (korejensis)  және  славян  (slavonica)  (Сурет 

29). 


 

 

 



Кәдімгі  майбұршақ  -  бұршақ  тұқымдасына  (Leguminosae-Fabaceae) 

жататын  біржылдық  өсімдік,  сабағы  тік  өседі,  биіктігі  30-100  см,  берік, 

күшті  бұтақтанады  және  бұта  қалыптастырады.  Жапырақтары  --  үштік, 

жиі түкті, тамыр жүйесі кіндікті (40-50 см), негізгі массасы топырақтың 

беткі  10-20  см  қабатында  шоғырланған.  Гүлдері  ұсақ,  ақ  түсті  немесе 

ашықкүлгін,  жапырақ  қолты-ғында  шоқгүл  болып  орналасқан. 

Майбүршақта өздігінен тозаңдану басымырақ. Жемісі 4-6 см ұзындықта 

және  2-3  тұқымды  біріктіреді,  жарылуға  төзімді.  Төменгі  жемістері 

жерден 7-15 см биіктікте бекіген, төмен бекудің нәтижесінде егін жинау 

қиындығы туындайды, осыдан топырақ бетінің тегістігіне жоғары талап 

қойылады.  Майбұршақтың  тұқымдары  сопақ,  әртүрлі  дөңесті,  1000 

тұқымның  массасы  100-149  г-  нан  310  г-ға  дейін,  орташа  көрсет-кіші  - 

150-199 г. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   346   347   348   349   350   351   352   353   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет