350
топырақты ұнтақтау мақсатында 1-2 рет жырту бағытына 30º сыдыра
өңдейді. Құрғақшылықты аудандарда сүдігерде қар тоқтатылады.
Майбұршақ себуге арналған танаптарды күзде П-4 немесе П-3
құралдарымен тегістейді. Көктемде топырақтың кебуіне байланысты
ВП-8, ВИП-5,6 тегістегіштерімен немесе сүйретпелермен сүдігерге
қайта тегістеу жұмыстары жүргізіледі. Тегістеу сапалы жүргізілген
танаптарда тұқымның тиісті тереңдікке орналасуына, гербицидтерді
тиімді пайдалануға, ылғал сақтауға мүмкіндік туады.
Топырақты тұқым себу алдындағы өңдеулері басқа жылу сүйгіш
кеш себілетін дақылдарға ұқсас. Механикалық құрамы ауыр
топырақтарды, әсіресе олар күз қыс кезеңдерінде қатты тығыздалып
қалған болса, көктемдегі тырмалаудан кейін терең түренсіз қопсытумен
бірге тырмалау және ауа райы жағдайына байланысты бір немесе екі рет
қопсыту жүргізіледі.
Егін себуге бір аптадай қалғанда танапқа трефлан (5-10 кг /га)
гербицидінің 25% ерітіндісін ОН-400, ОВТ-1В ж.б. машиналарымен
шашып, БЗТС-1,0 немесе БДТ-7, БД-10А тырмаларымен сіңіреді. Бұл
шара біржылдық арамшөптердің 95% -на дейін құртады.
Достарыңызбен бөлісу: