Тұқымды себуге дайындау, себу.
Майбұршақтың себуге арналған
тұқымын бөгде қоспалардан тазартып, аскохитоз, фузариоз, сұршірік,
бактериоз және басқа ауруларға қарсы тұқым себуден 3,5 ай бұрын 50%-
дық, немесе 80%-дық фундазол және 80%-дық ТМТД (3-5 кг/га)
рпепараттарымен залалсыздандырады. Себу алдында қолданылатын
нитрагин препаратына кері әсерін тигізбеу мақсатында бұл
препараттармен ерте өңдейді. Өңдеуге ПС-10, «Мобитокс» машинасын
пайдаланылады. Себетін күні арнайы майбұршақ нитрагинімен өңдейді,
себебі басқа бұршақ дақылдарының бактериялары майбұршақтың
тамырларында түйнектер түзбейді.
Майбұршақтың егістік жер топырағы тұқым орналасатын
тереңдікте 10-12ºC жылынғанда кең қатарлы, қатараралықтары 45 см
болатын тәсілмен СКОН-4,2, немесе СПН-6, СПЧ-6МФ тұқым
сепкіштерімен себеді (ылғал жеткіліксіз ауданждарда қатараралықтар
60см). Осындай қатараралықтармен жолақтап (екі қатарлы) себуге де
болады.
Майбұршақтың себу мөлшері - егістік материалдың ірілігі мен
егілетін аудандарына байланысты, гектарына 0,4-0,6 млн өнгіш тұқым
немесе 40-80 кг. Себу тереңдігі - 5-6 см, жеңіл топырақ пен құрғақ ауа
райында 8 см дейі. Тұқым сепкеннен кейін танап беті тығыздалады.
Достарыңызбен бөлісу: |